Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Дәреже: Тәрбие

1-11 сыныптарында «Төрлет-әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары

№2 бейнебаян

2022-03-28 22:59:24

Скачать

1-11 сыныптарында «Төрлет-әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары.

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. №1 бейнебаян

2022-03-28 22:58:45

Скачать

1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында сынып сағаты

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 4 «Д» сыныбында М.С.Балтабай 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

2022-03-25 12:11:59

Скачать

«Өнегелі өмір» жобасы

Өңіріміздегі табысты адамдардың өмірін үлгі ететін «Өнегелі өмір» жобасы аясындағы кездесулер жалғасуда. Мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты еңбекке баулу, табысты адаммен таныстыру арқылы балалардың жеке өмірлік мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру. Балқаш қаласы «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Парасатты жастар – тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбында өткен кездесу қонағы жас маман, мектебіміздің үлгілі түлегі, Еуразиялық технологиялық университетінде ағылшын тілі оқытушысы Тлекеева Арай Дауренқызы. Жобаға 7-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Кездесуде оқушыларға алдына мақсат қоя білетін жауапты адам ғана табысқа, жетістікке жететіндігін айтып түсіндірді. Жетістікке жету жолында кездесетін кедергілер мен қиындықтарға мойымай, алға ұмтылу арқылы ғана өз мақсатыңа жетуге болатындығын өз өмірінен мысалдар келтіре отырып ұғындырды. Бұл кездесу оқушылардың ерте жастан мамандығын таңдап, үлкен өмірге икемделуіне бірден-бір әсерін тигізді. Кездесу қызықты және жоғары дәрежеде өтті. Тлекеева Арай Дауренқызы біздің 16-ншы мектептің үлгілі түлегі. Арай ханым үнемі жаңа белестерді бағындыруға талпынатын еңбекқор адам. Соның арқасында, ол 2015 жылы мектепті алтын белгімен бітіріп, еліміздің ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі - Сүлейман Демирель атындағы университетте "Екі шет тілі" мамандығын, кейін 2019 жылы Назарбаев университетінде «Білім беруді басқару» мамандығының магистр дәрежесін тамамдаған. Ал қазіргі таңда сапалы білімінің арқасында Арай ханым Евразиялық Технологиялық университетінде ағылшын тілі оқытушысы және Алматы қаласындағы “Bolashaq” Қауымдастығының проект менеджері болып жұмыс жасайды. Студент кезінде де, қазір де Арай ханым үнемі әртүрлі жобаларды қолдап, олардың іс-жүзінде іске асырылуына өз үлесін қосады. Мысалға, SDU кітапханасының трансформациясына бағытталған жобаның, балаларды оқуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «storytelling for kids», яғни «балаларға арналған ертегілер» жобасының сәтті іске асуына өз септігін тигізген еді. Бүгінгі күні Арай ерен еңбегі үшін лайықты сертификаттармен марапатталған: 1.Алматыдағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Қытай каллиграфиясы» байқауында үздік орынға ие болғаны үшін; 2.СДУ-дегі «Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен» атты ғылыми апталықта жоғары нәтиже көрсеткені үшін көптеген жоғары дәрежелі дипломдарымен марапатталған.

2022-01-24 14:14:23

Скачать

«Өнегелі өмір» жобасы

Кездесу қонағы бокстан спорт шебері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2 дүркін Қазақстан чемпионы, дарынды жас спортшы Бурибаева Гульназ Бахтияркызы.

2022-01-24 14:04:57

Скачать

«Өнегелі өмір» жобасы

Өңіріміздегі табысты адамдардың өмірін үлгі ететін «Өнегелі өмір» жобасы аясындағы кездесулер жалғасуда. Балқаш қаласы «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Парасатты жастар – тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбында өткен кездесу қонағы бокстан спорт шебері, 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Е.Нөкербеков, А.Маканалин атындағы халықаралық турнирлердің чемпионы, Қарағанды облысының 4 дүркін чемпионы, 2020-2021 жылдардағы 2 дүркін Қазақстан чемпионы, 2021 жылғы Ермахан Ибраимов атындағы халықаралық турнирдің чемпионы, 2021 жылғы Жастар ойындарының чемпионы, дарынды жас спортшы Бурибаева Гульназ Бахтияркызы. Кездесу барысында спортшы Гульназ Бахтиярқызы спорттың денсаулыққа пайдасы, ол арқылы жетістікке жетудің жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы пікірін ортаға салды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кездесу қонағының пайдалы кеңестерін тыңдады. Кездесу қонағы бокстан спорт шебері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2 дүркін Қазақстан чемпионы, дарынды жас спортшы Бурибаева Гульназ Бахтияркызы.

2022-01-24 14:02:45

Скачать

Әлеуметтік педагогтың жұмысы

Әлеуметтік педагогтың жұмысы

2021-09-30 10:21:12

Скачать Смотреть

Өзін-өзі тану кабинеті

Өзін-өзі тану кабинеті

2021-06-16 14:39:09

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 кел. соңғысы соңғысы