Әдістемелік отырыстар
«Зейін» әлеуметтік жобасы аясында «Математика, физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдістері» тақырыбымен облыстық семинар
- 2022 жылдың 22 қазаны күні Қарағанды облысы білім басқармасының оқу әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Балқаш қаласының ұстаздары «Зейін» әлеуметтік жобасы аясында «Математика, физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдістері» тақырыбымен облыстық семинар өткізді. Шеберлік сыныптарына Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Күземханова Мейрамкул Әбілбековна өз іс –тәжірибесін таратты. «Математикалық сауаттылық есептерін шешудің тиімді тәсілдері» тақырыбы бойынша түрлі білім беру технологияларының көмегімен пәндік білім мен білік дағдыларын қалыптастыруымен қатар оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз етудің тиімді жолдарын ұсынды. Білім алушылардың сандық ресурстарды сауатты, орынды пайдаланудың тиімді әдістерін көрсетті. Семинарда таратқан іс -тәжірибелері педагогтар тарапынан жоғары бағасын алды. Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!!!
Қалалық "Жыл мұғалімі-2022" байқауының алғашқы кезеңдері
Балқаш қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық "Жыл мұғалімі-2022" байқауының алғашқы кезеңдері болып өтті. "әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің атынан физика пәнінің мұғалімі Мехмет Кенже Саятұлы қатысып, бақ сынауда. Алғашқы кезеңде пән бойынша ашық сабақ, екінші кезеңде сыныптан тыс іс-шара өткізіп, шығармашылық іс тәжірибесімен бөлісті.
«Тәжірибе. Ізденіс. Нәтиже.» тақырыбында өткен педагогикалық кеңес
2022 жылдың 31 тамызы күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласының білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ кезекті педагогикалық кеңес өтті. «Тәжірибе. Ізденіс. Нәтиже» тақырыбында өткен кеңесті мектеп директоры С.Т.Сыздыкова ашып, ұжымға жаңадан келген педагогтарды таныстырды. Бұдан әрі мектептің 2021-2022 оқу жылындағы оқу - тәрбие үдерісінің сараптамалық талдауы бойынша директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары
С.Ж. Тлеубекова сөз алып, білім беру стандартын орындау, дарынды балаларды қолдау , мұғалімдердің шығармашылық шеберліктерін дамыту, педагогтарға кәсіби қолдау көрсету және тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша атқарылған бірқатар табысты жетістіктері мен мәселелеріне тоқталды. Туындаған мәселелер негізінде жаңа 2022-2023 оқу жылының мақсат міндеттері айқындалды. «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» дәстүрлі Әдістемелік нұсқау хатты бойынша биылғы оқу жылындағы басты ерекшеліктерге тоқталып, білім сапасын жақсартуға, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру бойынша бірқатар тиімді жұмыс түрлерін ұсынды.Күн тәртібіндегі, мектеп мұғалімдерінің жүктемесі мен сынып жетекшілерді, оқу кабинеттерін бекіту. 2022-2023 оқу жылындағы бірінші, оныншы сыныпқа қабылданған оқушылар құрамын бекіту мәселелеріне мектеп директоры С.Т.Сыздыкова тоқталып өтті. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің инновациялық табысты әрекеттеріне ризашылығын білдіріп, мектеп бітіруші түлектердің ішіндегі 38 грант иегерлерін мақтанышпен айта отырып, мектеп ұжымының қажырлы еңбектеріне толағай жетістіктер мен дарынды шәкірттер тіледі.

Ғылыми-әдістемелік отырыс
09.04.2022ж күні №16 жалпы білім беретін мектебінде мектеп ұжымымен мақсатты ғылыми-әдістемелік отырыс өтті. Отырысты мектеп директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Тлеубекова С.Ж. ашып, күн тәртібіндегі тақырыптармен таныстырды.
«Білім алушылардың білімдегі жетістіктерін мониторингілеу» тақырыбында директордың оқу ісінің орынбасарлары Сопыжанова Г.Р., Жұмажанова Қ.М. 4-9-сыныптар арасында болатын республикалық тәуелсіз бақылаудың алғы шарттарымен таныстырды. 4 – 9-сынып оқушылары тапсыратын оқу пәндерімен таныстырып, оларда келетін сұрақтардың мазмұнын жүйелі түсіндірді. Сонымен бірге, қалалық оқу бөлімі тарапынан алынған байқау сынақ нәтижесін сараптады. «Кемел» білім орталығымен бірлесіп өткізген мектепішілік ББЖМ онлайн тестінің қорытындысын көрсетті. Аталған сынақтарда көтерілген мәселелерді айта келе, шешу жолдарына атқарылатын жұмыстар ұсынды.
Бұдан соң күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Қалқаман А.Е. сөз алып, қалалық, облыстық пән олимпиадаларының қорытындысына тоқталды.
Ғылыми-әдістемелік отырыс соңында мектеп директоры Сыздыкова С.Т. сөз алды. Мұғалімдер арасында туындаған әр түрлі сұрақтар төңірегінде тиімді жауаптар алынып, түйінді шешім шығарылды.
Білімнің сапасының жетістіктерін саралаудың қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Мектеп жоспарының негізінде қараша айында педагогикалық ұжыммен ғылыми-әдістемелік отырыс өтті. Отырыста „Инновациялық білім беру ресурстары: өзіндік ізденіс пен басым бағыттар“ тақырыбы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Айнабекова Ж.Б өз іс тәжірибесімен бөлісті.Кәсіби даму жолындағы жетістіктердің қыр- сырына тоқталды. Оқу үдерісіндегі жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды енгізу кезіндегі оқушының танымдық іс әрекетін жетілдірудің тиімді тәсілдерін ұсынды. Инклюзивті білім беру: ата-анамен, оқушымен жұмысты ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбында мектеп психологы Е.С. Мухсинов сөз алды. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың даралығын қанағаттандыру, денсаулықтарын қорғаудың психологиялық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында түрлі әдіс тәсілдермен бөлісті.