Жолда жүру ережелері
"Абайла, балақай " айлығы
Қыркүйек айының 8 күні № 16 жалпы білім беретін орта мектебінде "Абайла, балақай " айлығының іс-шаралары басталды.
1-сынып оқушыларына "Абайла, балақай" атты тәжірибе сабағын полицияның жас көмекшілер тобы ұйымдастырды.
8 - сынып оқушылары көшеде, жолда жүру ережелері бойынша қалыптасқан түсініктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндірді. Оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында өткізілген шаралар барысында ескерту парақшалары таратылды.
25 қыркүйек күні «Абайла, балақай!» жолда жүру айлығы аясында оқушылардың жол қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларына бейнеролик ұсынылды.

Қуыршақ театры

Қазан айының 5-інде мектепалды даярлық топтары мен 1 сынып оқушылары Қарағанды қаласынан келген «Бим-бом» қуыршық театрының «Абайла, бағдаршам» атты қойылымын тамашалады.
Қойылым мазмұны оқушыларға жол ережесін білуге, тәртіптілікке үйрететін көріністермен қызықты болды. Ертегі кейіпкерлері сан қилы оқиғаларға тап болып, жол белгілерінің маңыздылығы туралы мол танымдық білім берді. Кішкентай бүлдіршін көрермендер қойылымнан көтеріңкі көңіл күймен оралды.

«Абайла, балақай!» тақырыбында дәріс

«Айбын» жас жол инспекторлар тобы және үйірме жетекшісі алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына сыныптарына кіріп, «Абайла, балақай!» тақырыбында дәріс жүргізіп, соңынан жолдан өткізу тәжірибе сабағын өткізді.