Іс-шаралар

«Ана тілім- ардағымсың, киелім!» кітап көрмесі

 

«Ана тілім- ардағымсың, киелім!» кітап көрмесі

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханасында «Ана тілім- ардағымсың, киелім!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

 

 

 

Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектепте Алаш ардақтысы, қазақ әліппесінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келген «Тіл байлығым-қазынам» атты тілдер апталығы өтті

Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы  орта мектепте Алаш ардақтысы, қазақ әліппесінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келген «Тіл байлығым-қазынам» атты тілдер апталығы өтті

Апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары оқушыларға мемлекеттік тілдің және орыс, ағылшын тілдерінің, қоғамдағы үштілділіктің маңызын, бірнеше тілді қатар игеру арқылы  туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуші білімді ұрпақ тәрбиелеу, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында  бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Осы орайда қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілдер әлемінде» 6-8 сыныптар арасында эссе байқауы, « Ана тілім –ардағым»  5-8сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы болса, «Тіл-халық мұрасы» деген тақырыпта 5-сыныптар аралығында  шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Апталық соңында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

«Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи» атты адалдық сағаты

«Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи»  атты адалдық сағаты

1.09. 2020 күні өткізілген сынып сағаттарында 1-11 сынып оқушыларына  «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи»  атты адалдық сағатына арналған бейнеролик көрсетілді.

 

5-11 сынып оқушыларына онлайн түрде сынып сағаттары өткізілді

5-11 сынып  оқушыларына онлайн түрде сынып сағаттары өткізілді

Бүгін, 1қыркүйек –Білім күні мерекесіне орай  5-11 сынып  оқушыларына онлайн түрде сынып сағаттары өткізілді.  Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және «Денсаулық-басты байлық» тақырыптарын қамтыды.   Сонымен қатар, күнделікті оқу режимі, денсаулық, жеке бас гигиенасын қатаң ұстануға бағытталған түсіндірмелер жүргізілді.
 

 

 

 

Ұстаздарымыз осылайша  елдегі қиын ахуалға  қарамастан, бар жігерлерін жас ұрпаққа білім беруге жұмсайтын еңбек науқанын бастап кетті.   Еліміздің жарқын болашағы үшін, келешек ұрпақ үшін еткен еңбектеріңіз жемісті болсын! Баршаларыңызға жаңа оқу жылына сәттілік  тілейміз!

 

1 қыркүйек – Білім күні 

1 қыркүйек – Білім күні  

1 қыркүйек – Білім күні мерекесінде мектеп қоңырауы дәстүрлі түрде соғылып, оқушыларды білімнің алтын ұясына шақырды. Мектеп маңы безендіріліп, салтанатты әуенмен  мерекелік көңіл күй маңайға таралды. Қашықтықтан оқытудың қазіргі санитарлық талаптарына сай бұл күні мектепке кезекші сыныптың оқушылары келді, оларды қарсы алған сынып жетекшілері мазмұнды сынып сағаттарын  өткізді.   

Әсіресе көңілдері толқулы, мектеп табылдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер  ұстаздарымен танысып, жан-жағына таңырқай қарап, көп әсерге бөленді. Қадамдарың құтты болсын, жас өркен! Жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын!

Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт — қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

2018 жылдың 12 қазанында мектептің қыздарымен «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты қыздар жиналысын өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі М.Төлеутаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Жиналысқа директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.О.Жақыпбаева қатысты.

Бұл басқосудың мақсаты- қыз балаларға қашанда тәлімді, тәрбиелі, ибалы да инабатты болып өсуіне ықпал ету, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, имандылық салтын қалыптастыру.

Жиынды мазмұнды да тартымды ұйымдастыра білген мұғалім М.Төлеутаева қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында айта келе, оларға «Қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс» деген сияқты көптеген кеңес берді. Ол өз сөзін «Әрбір қыз бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз»-деп түйіндеді.

Келесі кезекте әр түрлі жағдаятқа байланысты сұрақтар қойылып, қыз балалар өз пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы -мектепішілік тәртіп, киім үлгісі, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланды. Жиналыс сырласу кеші ретінде өтіп, естелік фотосуретке түсіп, қыздарымыз жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 

 

 

Күздің сиқырлы сыйлықтары

 

Күздің сиқырлы сыйлықтары

Берекелі де мерекелі күз келісімен қызықты іс-шараларға толы «Алтын күз» мерекесі биылғы жылы да дәстүрлі түрде өткізіле бастады.

1-2- сыныптар арасында өткен «Күздің сиқырлы сыйлықтары» атты жеміс- жидектен қолөнер туындыларының көрмесіне оқушылар белсене қатысты.

Әр түрлі жеміс-жидектен жасалған түрлі мүсіндер, мозайка суреттер, композициялар көрермендерге өте ұнады. Туындыны жасаған оқушылар да, көрермендер де бұл көрмеден үлкен әсер алғандарын жасырмады.

3- сыныптар арасында аталған тақырыпта сурет көрмесі өтті. Алтын күздің айшықты бейнесін түрлі бояумен жеткізген оқушылар туындылары көз тартарлық. Қабырға бойына ілінген суреттерді көрме көрермендері қызыға тамашалады. Аталған іс-шаралар оқушы шығармашылығына, өзіндік дамуына жол ашатынына сенімділік бар.