Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі бойынша оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпарат

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

      Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану  орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

      Жеткізілген өнімдерді кіріс қадағалау, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау , сонымен қатар шығарылған өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.

    2021 жылдың 1 ақпанынан бастапҚарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы № 16 жалпы білім беретін мектебінің1-сыныптары үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды және жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен кезекші сыныптағы  24 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

    3 ақпанынан бастап2-сыныптар үшін де  ыстық тамақ ұйымдастырылды және Жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен кезекші сыныптағы оқушылар саны 56 оқушыға көбейді.

      Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Бір реттік тамақ құны 1-2  сыныптарға 300 теңгені және де Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балаларына 400 тенгені құрайды.