Мектеп парламенті

Мақсаты:

-         Оқушылардың  қоғамдық   әлеуметтік,  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту;

-         Мектеп парламентінің сегіз фракциясы мен «Жас Ұлан» ұйымының жеті бағытын толығымен қамти отырып, Жас Ұландар мен Жас Қырандардың  қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, оны қоғам игілігіне пайдалануына жағдай жасау.

 

Міндеттері:

- мектеп   оқушыларының  әлеуметтік  тәжірибелерін  байыту  және  дамыту;

- әлеуметтік-танымдық  бағдарламаларды  жүзеге асыру;

- мектептің   тәрбиелік  әлеуетін  жүзеге асыру;

         - облыстық, қалалық ұйымдастырылған іс-шараларға оқушыларды кеңінен қатыстыру;

- Мектеп парламенті мүшелерінің жұмысын жандандыру.

 

 

Іс-шара атауы

Түрі

Өткізу мерзімі

Жауаптылар

Бағыты

 

Қыркүйек

1

«Жас Ұлан» ұйымы  жұмыстарының және аға  тәлімгердің  2022-2023  оқу  жылына араналған жұмыс жоспарын  құру

 

Жоспар

 

қыркүйек

 

Аға  тәлімгер

Жылдық жоспары жұмыс бағыттары бойынша жіктеліп, талаптарға сай жасалу.

 

2

«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»

Білім күніне арналған салтанатты саптық жиын

 

қыркүйек

ДТІЖО

Аға тәлімгер

Мектеп ұжымы

«Мәдениет және өнер» фракциясы

«Отан» бағыты

 

3

«Абайла, балақай»

акция

қыркүйек

І,ІІ ауысым

 

Аға тәлімгер

ЖҚЖИ тобы

Құқық және тәртіп фракциясы

«Жеті жарғы» бағыты

 

4

«Менің отбасым – менің тірегім»

Фотоколлаж байқауы

қыркүйек.

Аға тәлімгер

«ЖасҰлан» ұйымының мүшелері

Өзін-өзі тану, бақыт фракциясы

«Еңбек» бағыты

 

5

«Жас Ұлан» ұйымының стендін жаңалау

 

 

ұйымдастыру

 

қыркүйек

 

Аға тәлімгер

Баспасөз және ақпарат фракциясы

«Отан» бағыты

 

6

«Денсаулық – зор байлық»

эстафеталық сайыс

 

қыркүйек

Аға  тәлімгер

Мектеп Ұланбасы

Спорт және СӨС фракциясы

«Салауат» бағыты

 

7

«Сыныпты бөлме гүлдерімен әсемдеу»

акция

қыркүйек

Аға тәлімгер

Мектеп парламенті

Экология және еңбек фракциясы

«Экоәлем» бағыты

 

8

Жасұландықтар арасында «Мектеп парламенті президенті», «Ұланбасы», орынбасар сайлауы

сайлау

 

қыркүйек

Аға тәлімгер

 мектеп әкімшілігі

Баспасөз және ақпарат фракциясы

«Руханият» бағыты

 

Қазан

9

«Отбасындағы қызықты сәттер мен өнегелі өсиеті»

Ардагерлермен кездесу

 

қазан

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымы

Қамқорлық (Еріктілік) фракциясы

«Руханият» бағыты

 

10

Мұғалімдер күні мерекесіне арнап

«Мұғалім болу – қасиетті іс» құттықтау

құттықтау

 

қазан

Аға  тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

11

«Күз берекесінен сүйікті қалама»

Күздік өнімдерден макет-көрме

қазан

Аға  тәлімгер

Сынып жетекшілері

Экология және еңбек фракциясы

«Еңбек» бағыты

 

12

«Ел рәміздері – ел рухы»

сайыс

қазан

Аға тәлімгер

Мектеп ұланбасы

«Құқық және тәртіп» фракциясы

«Жеті жарғы» бағыты

 

13

«Қазақстан- байтақ елім» фотосурет байқауы

 

Фотосурет байқау

қазан

Аға  тәлімгер.

Экология және еңбек фракциясы

«Отан» бағыты

 

14

«Жайдарлы Жас Ұлан»

Интеллектуалды ойын

Күзгі демалыс

Аға тәлімгер

Мектеп ұланбасы

Мәдениет және өнер фракциясы

«Зерде» бағыты

 

Қараша

15

«Жас Ұлан» ББЖҰ қатарына қабылдау

ұйымдастыру

 

қараша

Аға  тәлімгер

5-сынып

«Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясы

«Руханият» бағыты

 

16

«Заңға мойынсұнушылықты қалай қалыптастыруға болады?»

«Ой мінбер» пікір талас ойыны

қараша

Аға тәлімгер

Әлеуметтік педагог

Дебаттық қозғалыс фракциясы

«Жеті жарғы» бағыты

 

17

Өрт қауіпсіздігі

Плакаттар байқауы

қараша

Аға тәлімгер

АӘД жетекшісі

Баспасөз және ақпарат фракциясы

«Экоәлем» бағыты

 

18

«Отбасымдағы менің міндеттерім»

 

қызықты  хабарлама  жасау

Жыл бойына

2 рет

Аға  тәлімгер «Жас Ұлан» ұйымы

Өзін-өзі тану, бақыт фракциясы

«Руханият» бағыты

 

19

“Жас Ұлан” ұйымының мектеп комитетінің жиналысын өткізу

жиналыс

қараша

Аға тәлімгер

Мектеп ұланбасы

 

 

20

Үздік Ұлан- сапта (Ұланбасының ант беруі)

Саптық байқау

қараша

 

ДТІЖО

Аға тәлімгер

7-8 сынып

Құқық және тәртіп фракциясы

«Отан» бағыты

 

21

«Жаман әдеттен аулақ боламыз?»

Үгіт-насихат сайысы

қараша

Аға тәлімгер

5-6 сынып

Спорт және СӨС фракциясы

«Салауат» бағыты

 

Желтоқсан

22

«Елін сүйген – Елі сүйген Елбасы» Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара.

 

Саптық жиын

 

желтоқсан

Аға  тәлімгер

Мектеп парламенті

«Жас Ұлан» ұйымы

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

23

 

«Туға қарап, сап түзе!»

 

 

Сайыс

желтоқсан

АӘД жетекші,

Аға тәлімгер,

«Ту ұстаушылар» тобы

9-10 сынып

Құқық және тәртіп фракциясы

«Отан» бағыты

 

24

Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік»

Салтанатты саптық жиын

желтоқсан

ДТІЖО

Аға тәлімгер

Мектеп парламенті

«Жас Ұлан» ұйымы

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

25

«Жас Ұлан»  ұйымына  5  сынып  оқушыларын қабылдау

саптық  жиын

желтоқсан

 

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Өзін-өзі тану, бақыт фракциясы

«Руханият» бағыты

 

26

«Жаңа  жыл жаңа бақыт, жаңа табыс!»

Мерекелік  кеш

Желтоқсан

 

Аға  тәлімгер

мектеп әкімшілігі

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

Қаңтар

 

27

«Құқықбұзушылық неден басталады?»

 

Дөңгелек үстел

 

қаңтар

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Құқық және тәртіп фракциясы

«Жеті жарғы» бағыты

 

28

«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық парыз бен міндет»

 

Үгіт бригада сайысы

 

қаңтар

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымы

8-9 сынып

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

29

«Жаңа Қазақстан - жастар көзімен»

үгіт насихат ақпараттау тобы  байқауы

 

қаңтар

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Баспасөз және ақпарат фракциясы

«Отан» бағыты

 

30

Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жыл

Монолог оқу байқауы

қаңтар

Аға тәлімгер

Қазақ тілі пән бірлестігі

Дебат қозғалысы фракциясы

«Руханият» бағыты

 

Ақпан

 

31

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің отырысы

 

Жиналыс

 

ақпан

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Өзін-өзі тану, бақыт фракциясы

«Руханият» бағыты

 

32

 

«Сөз мерген»

 

Дебаттық ойын

 

ақпан

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Дебат қозғалысы фракциясы

«Зерде» бағыты

 

33

«Батырлық - білекте емес, жүректе»

Салтанатты саптық жиын

ақпан

ДТІЖО

АӘД жетекші,

Аға тәлімгер

Мәдениет және өнер фракциясы

«Отан» бағыты

 

34

«Бір шаңырақ астында»

Плакаттар байқауы

Ақпан

Аға тәлімгер

Бейнелеу мұғалімдері

Қамқорлық фракциясы

«Еңбек» бағыты

 

Наурыз

 

35

«Ал, қанеки қыздар»

Қыз сыны

наурыз

Аға  тәлімгер

8-9 сынып

Өзін-өзі тану, бақыт фракциясы

«Руханият» бағыты

 

36

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні! «Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Мерекелік концерт

Өзін-өзі басқару күні

 

наурыз

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

37

 

«Қазағымның дәстүрлері-ай»

 

ҮНТ байқауы

 

 

наурыз

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

38

22 наурыз мерекесі «Наурыз – көктем мейрамы!»

Мерекелік  қойылымдар

наурыз

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

Сәуір

 

39

7 сәуір – «Дүниежүзілік денсаулық күні!

Спорттық іс-шаралар

 

сәуір

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Спорт және СӨС фракциясы

«Салауат» фракциясы

 

40

Ғарышкер болғым келеді

эссе байқауы

сәуір

Аға  тәлімгер

 

Өзін-өзі тану, бақыт фракциясы

«Зерде» бағыты

 

41

«Жас жол инспекторларының слеті»

қалалық сайысқа қатысу

сәуір

Аға  тәлімгер

мектеп әкімшілігі,

Құқық жәнеТәртіп фракциясы

«Жеті жарғы» бағыты

 

42

«Мен жасыл әлемді қолдаймын!»

 

Дөңгелек үстел

сәуір

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының  мүшелері

Экология және еңбек фракциясы

«Экоәлем» бағыты

 

43

«Құстарға ұя жасаймын»

акция

 

сәуір

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымы

Қамқорлық фракциясы

«Еңбек» фракциясы

 

Мамыр

 

44

1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні!

фестиваль

мамыр

 

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымы

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

45

«Жас сарбаз»

Саптық байқау

мамыр

ДТІЖО

АӘД жетекші,

Аға тәлімгер

Құқық және тәртіп фракциясы

«Жеті жарғы» бағыты

 

46

9 мамыр Ұлы Жеңіс күні! «Сол жылдарға бас иеміз!»

мерекелік концерт

мамыр

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымы

Мәдениет және өнер фракциясы

«Отан» бағыты

 

47

«Жас Қыран»  ұйымына  2-3  сынып  оқушыларын қабылдау

саптық  жиын

мамыр

Аға  тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымы

«Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясы

«Руханият» бағыты

 

48

«Мектеп парламенті» және «Жас ұлан» ББЖ ұйымы мүшелерінің отырысы

Отырыс

мамыр

ДТІЖО

Аға тәлімгер

Мектеп президенті

 

 

49

«Сыңғырла  соңғы  қоңырау» саптық  жиын

салтанатты жиын

мамыр

Аға  тәлімгер

Мектеп парламенті

«Жас Ұлан» ұйымы

Мәдениет және өнер фракциясы

«Руханият» бағыты

 

50

Аға тәлімгердің жылдық есебі

жылдық есеп тапсыру

мамыр

Аға тәлімгер

 

 

                                                                                                

 

 

Орындаған:  Аға тәлімгер   Абдирбаева Г.С.

 


 

 

 

Мектеп парламентінің президенттік және «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы

Мектеп парламентінің президенттік және «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы
12-20 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына мектеп парламентінің президенттік және «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті.
Парламенттік сайлауға қоғамдық қызметтерге мүдделі, көшбасшы, «Жас Ұлан» ұйымына мүше 7-10 сынып аралығынан президенттікке үміткер 6 оқушы, Ұланбасыға үміткер 10 оқушы қатысты. Парламенттік сайлауға қатысушылар өз бағдарламасын ұсынып, постер түрінде өз кандидатураларын ұсына алды. 20- қыркүйек күні қатысушылардың бағдарламасымен таныса отыра мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы дауыс беруге ат салысты.
Дауыс беру нәтижесінде 10 «Б» сынып оқушысы Бериков Ермұқан 22%  дауыс жинап мектеп Парламентінің Президенті болып сайланды. Ал екінші орында 21% дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы Қанат Ақжол мектеп парламенті президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 25% дауыс жинаған 7 «В» сынып оқушысы Берікұлы Ибраһим «Дебат қозғалысы» клубының төрағасы, 24% пайыз дауыста 7 «Г» сынып оқушысы Санат Омар   «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы, 18% пайыз дауыс жинаған 9 «А» сынып оқушысы Мэлс Асылжан «Адал Ұрпақ» тобының төрағасы болып сайланды. Қалған үміткерлер  алдағы уақытта сегіз бағыт бойынша бөлінген фракциялардың құрамында қоғамдық қызметтер атқаратын болады.
 
Татыбаева Мерей 9Г сыныбы, Серғазы Аруай 7В сыныбы – экология және еңбек фракциясының төрайымы
 
Рақымжан Сымбат 9В сыныбы, Оразхан Құндыз 7Г сыныбы – білім, мәдениет фракциясының төрайымы
 
Сарқыт Ажар, Сабырбек Аделя 7А сыныбы– қамқорлық (еріктілік) фракциясының төрайымы
 
Талғат Толғанай 8Г сыныбы – пікірталас алаңы фракциясының төрайымы
 
Сыздыкова Дайана 8А сыныбы – балалар өкілдігі құқықтары мен тәртібі фракциясының төрайымы
 
Темешбай Анар 8В сыныбы– спорт және СӨС фракциясының төрайымы
 
Азат Медина 7Г сыныбы – өзін-өзі тану, бақыт фракциясының төрайымы
 
Қуанышбек Бибінұр 8А сыныбы – баспасөз және ақпарат фракциясының төрайымы