«Мектепке жол» республикалық акциясы

2023 жылдың 1 тамызында Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу. Осы шараны жүзеге асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізудің Тұжырымдамасын әзірледі.
«Мектепке жол» акциясы балаларға білім алу кезінде қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсете алады, оның мектепке барар жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға көңіл бөлуде және шынайы қамқорлық көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
#мектепкежол2023
#дорогавшколу2023
«Мектепке жол –Жақсылық жаса!» республикалық акциясы
1 тамыздан бастап мектепте «Мектепке жол» республикалық акция жұмысы жүріп жатыр. Бұйрық бойынша отырыс өткізіліп, жоспар және «Мектепке жол» акциясы барысында мектеп ұжымынан штаб құрылды. Акция бойынша мектепте арнайы бұрыш ұйымдастырылып, акцияға ат салысу тақырыбында парақшалар таратылды. Мектеп ұжымына жиналыс өткізіліп, акциямен таныстырылды.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Осыған орай жаны жайсан, қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында "Мектепке жол - Жақсылық жаса!" Республикалық акциясы өтті.
Ағымдағы жылы тамыз айында аталмыш акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау науқанына әлеуметтік педагог, мектеп психологы, сынып жетекшілерімен бірлесе шағынаудан бойынша рейдтік тексерулерге шығып, аз қамтылған жанұя балаларына көмектесу үшін демеушілер іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп ұжымыда бұл акцияға ат салысты. 1 тамыздан 15 тамызға дейін «Мектепке жол» акциясына 10 ата-анадан өтініш түсті. Мектеп ұжымынан құрылған штаб 1 тамыздан 15 тамызға дейін 16 мекемені, қаланың 15 жеке кәсіпкерін аралап, парақша таратып «Мектепке жол» акциясына демеушілерден көмек сұрады. Барлығы 20 орын араланып, тіркеу журналын жазылды. Нәтижесінде алғашқы болып жеке кәсіпкер Касымбеков С.Т, Планета дүкені иесі, АО Казкоммерцбанк, 4 оқушы мектеп формасы, оқу-құрал түрінде көмек берсе, «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ата-аналары Хасенова Ж.И, Каптаева Р.С. және қамқоршылар кеңесі 8оқушығаоқу-құрал, сөмке, бантик түрінде көмек берді. Барлығы 10 оқушыға көмек көрсетілді
Демеушілердің осындай іс шараға қатысып, балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге ат салысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, адамдық мейірімділік пен жомарттықты оқушыларға танытқандары үшін алдағы уақытта мектеп ұжымы атынан рахмет айтылып, алғыс хаттар табысталады.
Әлеуметтік педагогтар
#Қарағандыоблысыбілім09
#ҚОББтәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@orken.media
@balkhashtv
@severnoe_pribalkhashe_news
@balqash_oniri_gazeti
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi