Іс-шаралар

2022-2023 оқу жылы


 

Кітаптар саны –  58721 дана, оның  ішінде мектеп оқулықтары - 19580 дана

*Оқырмандар саны - 900

*кітапханаға оқырмандар бару саны -11600

*қазақ тіліндегі кітаптар саны – 42141

*кітап  беру саны – 16800

*электрондық оқулыктар саны – 1150


 

Кітапхана меңгерушісі:  Саметова Бақшагүл Талгатовна

«Кітапханаға алғашқы қадам» атты тақырыпта кітап көрмесі

«Кітапханаға алғашқы қадам» атты тақырыпта кітап көрмесі

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған үндеуінде айтылған. Осы орайда балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту арқылы ой-өрісін, қабілетін дамыту мақсатында «Кітапханаға алғашқы қадам» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда балаларға арналған қызықты ертегілермен кітаптар қойылды. Бұл көрмеге 0«Ә» мектепалды даярлық тобын мен 1 сынып оқушылары көрмемен танысты.

Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру. Оқушыларға білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.

 

«Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі

«Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі

Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 125 жыл толып отыр.Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханасында  «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 105 жыл бұрын, яғни 1917 жылы тобықты мен найман рулары арасындағы жесір дауы арқау болған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы  Абай ауылында алғаш рет киіз үй сахнасында қойылған болатын. Осы орайда шығарманы өрбіту арқылы 10 «Б» сынып оқушыларының сахналық қойылымды оқырман ретінде өз шеберліктерін ортаға салды. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!

Мақсаты: Кешегіні келешекпен байланыстыра отырып, қаламгер мен бүгін ұрпақ арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту және Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылығын, ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау.

 

«Кел, балалар, оқылық!» жаппай кітап оқу сағаты кезінде өткізілген кітап оқу марафоны

«Кел, балалар, оқылық!» жаппай кітап оқу сағаты кезінде өткізілген кітап оқу марафоны

26.09.2022ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-11 сыныптар арасында «Кел, балалар, оқылық!» жаппай кітап оқу сағаты кезінде өткізілген кітап оқу марафоны ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыны кітап оқуға үйретумен  көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту және оқушыларды кітап оқуға машықтандыру.

@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@g.kozhakhmetoova
#ҚОББтәрбие
@umckrg
#балаларжылы09
#годребенка

 

«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы

«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы

 2022-2023 оқу жылының 22 қырүйек күні «Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы өтті. Мектебіміздің аға тәлімгері және кітапхана меңгерушісінің жетекшілігімен «Мектеп парламенті» депутаттары мектеп оқулықтарының жағдайын 1-11 сыныптар бойынша оқушылардың оқулықтарын тексеру жүргізілді.Тексеру кезінде оқулығы қапталмаған, үйде тастап кеткен оқушыларға ескерту берілді. Әр сыныпқа «Кітап күту, ұстау ережелері»  кеңесі айтылды.

Мақсаты: Акцияның негізгі мақсаты оқушыларға оқулықты ұқыпты, таза ұстауға шақыру. Оқулықтың маңыздылығын түсіндіру.

 

Оқулықпен қамту

 Оқулықпен қамту 

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ –де биылғы 2022-2023 оқу жылында 2 сыныпқа арналған оқулықтар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар және бірінші сынып оқушыларына жазу дәптерлерімен кітапхана қоры толықты. Барлық сыныптардың оқушылары оқулықтарымен толық қамтамасыз етілді.

 

«Оқуға құштар мектеп»

«Оқуға құштар мектеп»

 

 

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз айтқандай «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Мектебімізде 2-10 сыныптар арасында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда.Бұл жобада оқушыларға «Отбасымызбен кітап оқимыз» және «Менің оқыған кітап» атты тақырыпта оқушылар өздерінің бос уақыттарын тиімді іспен, кітап оқу арқылы отбасымен өткізгендіктері,таңдалып алынған әдеби кітапты оқуға арнап, кітап оқудың қандай пайдасы бар екендігін фотоколлаж және бейнероликті ұсынады.

Мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сендай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.

 

«Кітап оқу» марафоны

«Кітап оқу» марафоны

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектеп кітапханашысы Б.Т.Саметованың ұйымдастырумен мектеп оқушыларымен «Кітап оқу» марафоны өтті.

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Рухани-адамгершілік тәрбие беру.

 

«Ұлт ұстазына тағзым» поэзия сағаты

«Ұлт ұстазына тағзым» поэзия сағаты

2022ж 6 қыркүйек күні «Балқаш қаласының орталықтандырылған  кітапхана жүйесі» КММ №2 кітапхана-филиалының кітапханашысы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың  ғылыми және әдеби шығармашылығына арнап «Ұлт ұстазына тағзым» поэзия сағатын ұйымдастырды. Шараға 8«Д» оқушылары қатыса отырып, ақынның шығармашылығымен танысып, өздерінің оқыған өлеңдерін жырлады.

         Мақсаты: Оқушыларға оқырмандар арасында қалыптасқан дәстүрге айналдыру. Аталған жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, оқушыларды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағыттау.

 

«Ана тілім- ардағымсың, киелім!» кітап көрмесі

«Ана тілім- ардағымсың, киелім!» кітап көрмесі

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханасында «Ана тілім- ардағымсың, киелім!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

 

Абай - дара, Абай - дана

Абай - дара, Абай - дана
 
10 тамыз – Абай күні. 10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай, әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында «Абай-дара, Абай-дана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Көрмеде Абай Құнанбайұлының өлең жинақтары, хикмет кітаптары, қара сөздері, жалпы шығармашылығы көрініс тауып, ұлы кемеңгердің өмір жолы мен шығармаларына арналған ғалым-жазушыларымыздың зерттеулері мен еңбектері қойылды. Көрме жыл бойы кітапханаға келушілерге қызмет көрсетеді.