Директор

     

 

     Сыздыкова Сайлаугул Тураровна 10.03.1967 жылы туған. 1984 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы №2 Абай орта мектебін тәмамдап, Қарағанды қаласындағы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шығады.

1990-2009 жылдар аралығында Балқаш қаласындағы №9 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2009-2016 жылдар аралығында «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, күндізгі бөлім меңгерушісі;

2016 жылдан бастап Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2019 жылдан – аталған мектепте директор қызметін атқарады.

 

 Жетістіктері:

2013 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды;

2013 жылы Білім және Ғылым министрі А.Сәрінжіповтың құрмет грамотасымен марапатталды;

2015 жылы облыстық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауында 1-орын;

2015 жылы білім беру саласында Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын тағайындау конкурсына қатысты;

2015 жылы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Қожахметованың алғыс хатымен марапатталды;

2016 жылы республикалық «Жылдың үздік мұғалімі» жобасына қатысып, төсбелгімен марапатталды;

2016 жылы АО «РНМЦ» директоры О.Куспековтың «Ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жеңімпаз дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды;

2016 жылы Балқаш қаласының әкімі А.Аглиулиннің алғыс хатымен марапатталды;

2016 жылы «Тәуелсіздік және ұлттық әдебиеттану ғылымы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты;

2018 жылдың 29 наурызында облыстық «Ізденіс» газетінде «Өскелең ұрпақты дара жолға бастайды» атты мақаласы жарық көрді;

2018 жылдың сәуір айында «Современное образование в школе, колледже и ВУЗ-е» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» мақаласы жарық көрді, №2 (43)

2018 жылдың 24 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білімді ел-Образованная страна» газетінде «Білімді цифрландыру – жетістік кепілі» мақаласы жарық көрді;

2018 жылдың 14.06 да облыстық педагогикалық «Ізденіс» газетінде «Цифрлық технологияларды күнделікті өмірде қолдану -әлемдік тренд» атты мақаласы жарық көрді;

2019 жылы 15 қаңтарда республикалық «Білімді ел» газетіне  «Заман көшіне ілесу – басты талап» атты мақаласы шықты (№1-2);

2019 жылы Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры Ж.Макатованың Құрмет грамотасымен марапатталды;

 

Оқушылар жетістігі:

2016 жылы Республикалық  «Жас ғалым» ғылыми жұмыстар байқауында Аманкелді Аяулым – I орын;

2017 жылдың сәуір айында 6г сынып оқушысы Амангелді Аяулым ҚР ШҒА ОҚБ 47-ші ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен 2-ші деңгейлі аймақтық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды;

2018 жылы «Алтын Ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткізілген республикалық  «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» атты шығармашылық байқауында  «Поэзия – жүрек тілі» шығармашылық номинациясы бойынша 7А сынып оқушысы Бексултанова Жібек 3-дәрежелі дипломмен марапатталды;

2018 жылдың ақпан айында оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы Республикалық байқауға қатысып, «Қыс келбеті» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік деп танылған Сахабаева Еркежан 1-орынмен марапатталды;

2018 жылдың мамыр айында Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ ұйымдастырған аймақтық эссе байқауында Толеухалым Ислам 2 дәрежелі дипломмен марапатталды;

2019 жылы қаңтар айында  республикалық «Ойзерек» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған  «Туған жер ыстық әрқашан» байқауында 7Г сынып оқушысы Аманбек Аружан 2-орынға ие болды;