Мектеп формасына қойылатын талаптар
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабында ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындау, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды орындау, білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтау міндеттері көзделген (49-баптың 2-тармағының 3, 6, 7-тармақшалары).
Аталған құжатта мектеп ережесіне сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптар нақты көрсетілген:
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін (хиджаб, орамал, т.б. және діни атрибуттары) бар киімдерді қосуға болмайды (Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 ж. №26 бұйрығы).