Жетекші мектептің жұмыс жоспары бойынша іс-шаралар

Lesson stady бағыты бойынша зерттеуге алынған Сагадатова Т.К. 2”Б”сыныбы фокус тобының алғашқы отырысы

 

Lesson stady бағыты бойынша зерттеуге алынған Сагадатова Т.К. 2”Б”сыныбы фокус тобының алғашқы отырысы

 

2022-2023 оқу жылында Lesson stady бағыты бойынша зерттеуге алынған Сагадатова Т.К. 2”Б”сыныбы фокус тобының алғашқы отырысы болды. Отырысқа пән мұғалімдері және бақылаушы мұғалімдер қатысты. Зерттеу мәселесі анықталып, тақырып нақтыланды. Осы мәселеге қатысты күтілетін нәтиже жоспарланды.

 

 

"Бөлшекті оқу, жазу және салыстыру" тақырыбында 3Б сыныбына ашық сабақ

 

 

09.11.2022ж Жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева А.А.  "Бөлшекті оқу, жазу және салыстыру" тақырыбында 3Б сыныбына ашық сабақ өткізді. Математикалық сауаттылық - бүгінгі күннің басты талабы.

 

 

"Шәкәрім Құдайбердіұлы Еңлік Кебек дастаны" тақырыбында ашық сабақ

 

 

05.12.2022ж. күні жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Рымханова А.Р. "Шәкәрім Құдайбердіұлы  Еңлік Кебек дастаны" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыны шығармашылыққа шыңдау, білімділікке бағыттау - мұғалім тәжірибесі.

 

"Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік" тақырыбында ашық сабақ

18.11.2022ж. күні жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес  қазақтілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смаханова М.Ж. "Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Іс-тәжірибе таратуда бәсекеге қабілеттілік - басты міндет.

 

 

"Көптаңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу" тақырыбында ашық сабақ

21.11.2022ж. күні жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес  бастауыш сынып  мұғалімі Амандықова С.А. "Көптаңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушы қабілетін шыңдау, білімділікке бағыттау - тәжірибенің нәтижесі.

 

18.11.2022ж. күні жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес  бастауыш сынып мұғалімі Абикенова М.Б. "Сөйлем" тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Іс-тәжірибе біліммен ұштасса, нәтижелі болатыны сабақтарда дәлелденген.

 

 

 

 

Жетекші мектеп жұмыс аясында «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тақырыбында мектеп мұғалімдеріне тренинг

 

Жетекші мектеп жұмыс аясында «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тақырыбында мектеп мұғалімдеріне тренинг

 

Мектеп психологы Кудабаева Е.Д. жетекші мектеп жұмыс аясында «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тақырыбында мектеп мұғалімдеріне тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу.

 
 
 
 
Жетекші мектептің  жұмыс жоспары бойынша №16 жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдерге әдістемелік бағыт ретінде   ашық сабақтар қойылды. Желтоқсан айында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Жандыл Е.М. «Talking about the future» тақырыбында 7 Е сыныбында,  Калиаскарова З.К.  «Professions» тақырыбында 5 Б сыныбында ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында ағылшын тіліне сай әдіс-тәсілдерді қолданып, мақсатты қадамдар жасады. Оқушыларға шет тілін меңгертуде  іс-тәжірибе жетілдірудегі машықтану сабақтарының  алар орны ерекше. Білімді, алғыр шәкірт тәрбиелеу – әр мұғалімнің басты мақсаты.
 
 
 
Жетекші мектептің  жұмыс жоспары бойынша №16 жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдерге әдістемелік бағыт ретінде   ашық сабақтар қойылды. Ақпан  айында орыс тілі пәнінің мұғалімі Дильмағанбетова А.К. 6 Е сыныбында  «Т.Булычев Сто лет тому вперед» тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Саденова А.М.  6Д сыныбында  «Types of holiday and holiday activities» тақырыбында  онлайн ашық сабақтар  өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткізілген ашық сабақта  әдіс – тәсілдері оқу мақсатын меңгертуге бағытталды.  Оқушыларға қашықтықтан білім беруде  пән мұғалімдерінің  іс-тәжірибесі тиімді  жүргізілді.