2022-2023 оқу жылына арналған мектеп кітапханасының жылдық жұмыс жоспары

Дәреже: Кітапхана

Кітапхана

«Отбасымызбен кітап оқимыз» және «Менің оқыған кітап»

Видео 5

2022-09-13 17:27:20

Скачать

«Отбасымызбен кітап оқимыз» және «Менің оқыған кітап»

Видео 4

2022-09-13 17:26:05

Скачать

«Отбасымызбен кітап оқимыз» және «Менің оқыған кітап»

Видео 3

2022-09-13 17:20:45

Скачать

«Отбасымызбен кітап оқимыз» және «Менің оқыған кітап»

Видео 2

2022-09-13 17:18:38

Скачать

«Отбасымызбен кітап оқимыз» және «Менің оқыған кітап»

Видео 1

2022-09-13 17:17:15

Скачать

«Оқуға құштар-мектеп» жобасы

«Кітап та алма ағашы Жемісін біздер теретін Тәтті алмаға балашы Кітабыңның әр бетін» деп М.Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. «Оқуға құштар-мектеп» жоба аясында Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де күнделікті 20 минуттық жаппай кітап оқу сағатында 4 «В», 4 «А», 7 «Б» сынып оқушыларымыз оқыған кітап арқылы өздерінің түсінгендерін бойынша мазмұнын айтып, оқырман дәптеріне жазып отырады. Яғни кітап білімімізді молайтады, ойлау және есте сақтау қабілетін жақсарту арқылы кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кітап оқып кемелденейік!

2021-10-27 10:02:43

Скачать

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу іс-шара

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жоспар бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу іс-шарасы жалғасуда. Аталмыш шараға оқушыларымыз дауыстап оқу, ертегінің бейне көрінісін көріп, оқыған шығарманының түсінгенін мазмұндап айту арқылы белсене қатысуда. Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері «Кітап – жан азығы», «Кітап –өмір ұстазы» дегендей оқушыларымыздың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда үлес қосып жатқан сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз! Кітап оқып кемелденейік! #оқуғақұштармектеп

2021-10-19 15:11:25

Скачать

«Кітапханаға алғашқы қадам» атты кітапханалық саяхат

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 0-1 сыныптар оқушыларына «Кітапханаға алғашқы қадам» атты кітапханалық саяхат ұйымдастырылды. Шара барысында мектептің 0-1 сынып оқушылары кітапханаға алғашқы рет қадам жасай отырып, мектеп кітапханасы туралы кітап сөрелер жайлы, арнайы кітап көрмесі, кітапхана ережесімен таныстырылды. Сонымен қатар оқушылар қойған сұрақтарына жауап беріліп, өздерінің жаттаған кітап жайлы тақпақтар, жаңылтапаштар, жұмбақтар, ертегілер айтылды. Мақсаты: Балаларды кітапхана қорындағы жаңа кітаптармен таныстыру, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту. Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.

2021-10-15 12:10:42

Скачать

«Наурыз - жыл басы» атты тақырыпта кітап көрмесі мен кітапханалық сағат

Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, ауызбiршiлiкте болады. Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің наурыз мерекесіне орай мектеп кітапханасында «Наурыз-жыл басы» атты тақырыпта кітап көрмесі мен кітапханалық сағат ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларға наурыз жайлы, қазақтың салт-дәстүрлері бойынша мағлұмат берілді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қоя отырып, ой-пікірлерімен бөлісті. Ұлттық нақышта киген киімдерінің өзі, қазақтың ұл-қыздарының екенін, әдет-ғұрыпты сақтап, сырт-келбеті мен әдемілігін сырын бейнелейді. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Алла ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ақ мол болсын. Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!

2021-03-24 20:13:07

Скачать

«Жақсы кітап-жан азығы» тақырыпта 10«Б» сыныбының оқушылары кітап жайлы бейнебаян жасады.

Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде «Бір отбасы-бір кітап» акция аясында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай әртүрлі іс-шара жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, «Жақсы кітап-жан азығы» тақырыпта 10«Б» сыныбының оқушылары кітап жайлы бейнебаян жасады. "Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге" деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай, тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

2020-11-20 10:41:40

Скачать

Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен 6«Б» Санақбек Жұлдыз, 7«А» Жұмағазы Диляра, Ғапу Мирас, Болатханұлы Диас сынды оқушылар шығармашылыққа атсалысты.

Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен 6«Б» Санақбек Жұлдыз, 7«А» Жұмағазы Диляра, Ғапу Мирас, Болатханұлы Диас сынды оқушылар шығармашылыққа атсалысты.

2020-11-20 10:34:44

Скачать

6-7 сынып оқушылары отбасымен бейнебаян жасады

Балқаш қаласы Жалпы білім беретін №16 лингивистикалық бағыттағы орта мектебінде «Бір отбасы-бір кітап» облыстық акциясы аясында 2020 жылдың 6-7 сынып оқушылары отбасымен бейнебаян жасады.

2020-11-20 10:30:16

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 соңғысы