Жаңалықтар

Сынып бұрышы –сынып бөлмесінің ажырамас бөлігі.

Дәреже: Сынып бұрышы
Дата: 2018-10-04 11:35:22
Сынып бұрышы –сынып бөлмесінің ажырамас бөлігі.
Сынып бұрышы – бұл кез келген сынып бөлмесінің ажырамас бөлігі. Ол сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыруда, тәрбиелік шараларды үйлестіруде  сынып жетекшілеріне үлкен көмек береді. Мектебіміздегі әр оқу бөлмесінде сыныптар жайындағы ақпараттар енгізілген, олардың  оқу-тәрбие жұмысына бағыт-бағдар беретін сынып бұрыштары бар. Сынып бұрыштарына ақпараттың уақыты...

Мектепішілік «Кел, балалар, оқылық!» буккроссинг (кітап алмасу) акциясы

Дәреже: Қалалық акция
Дата: 2018-10-04 11:28:02
Мектепішілік «Кел, балалар, оқылық!» буккроссинг (кітап алмасу)  акциясы
3 қазан күні мектеп кітапханасының  ұйымдастыруымен  бастауыш сыныптар арасында «100 кітап  аллеясы» қалалық акция  негізінде мектепішілік   «Кел, балалар, оқылық!» буккроссинг (кітап алмасу)  акциясы  өткізілді. Акция оқушылардың  сынып ішінде  кітап алмасуымен жалғасты.  Акцияның мақсаты оқушыларды кітап оқуға бау...

«Қарты бар ел - қазыналы ел» атты мерекеліктәрбие сағаты

Дәреже: 1 қазан - Қарттар күні
Дата: 2018-10-04 10:28:31
«Қарты бар ел - қазыналы ел» атты мерекеліктәрбие сағаты
1 - қазан   Қарттар күнімерекесіне орай мектебімізде  бастауыш 3 -сыныптар  арасында  кітапхана меңгерушісі А.М.Шаймерденнің  ұйымдастыруымен     «Қарты бар ел - қазыналы ел» атты мерекелік  тәрбие сағаты  өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушыларға  үлкендерді қадірлеп, сый- құрмет көрсету, ізгілікке тәрбелеу. 3- сыны...

«CLEVER» олимпиадасы

Дәреже: Clever олимпиадасы
Дата: 2018-10-03 12:28:22
«CLEVER» олимпиадасы
03.10.2018ж күні №5 орта мектепте ІІІ облыстық «CLEVER» олимпиадасы өтті. №16 мектеп ұжымы оқушыларына сәттілік тіледі.  

Күзгі эстафетадан жеңіспен оралды

Дәреже: Күзгі эстафета
Дата: 2018-10-02 17:15:25
Күзгі эстафетадан жеңіспен оралды
Қала бойынша мектептер арасында өткен дәстүрлі «Алтын күз» эстафеталық жарысында мектебіміздің оқушылары топ жарып, жеңіспен оралды. Жарыс өте тартысты және қызықты өтті. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеуге бағытталған бұл іс-шараға барлық мектептен жоғары сынып оқушылары қатысты. Жүйріктігі мен ептіліктерін көрсетіп, озып келген оқушыларымыз 10А сыны...

Қарттар күніне кездесу ұйымдастырылды

Дәреже: 1 қазан - Қарттар күні
Дата: 2018-10-01 16:22:15
 Қарттар күніне кездесу ұйымдастырылды
Қарттар күнін атап өтудің мақсаты қарт адамдардың мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару болып табылады. Осы күні көпшілік азаматтардың назарын қарт адамдарға аудару үшін түрлі қайырымдылық іс-шаралар өткізіледі. Біздің мектепте де 1 қазан күні қазыналы қарттарды құрметтеп, қадірлеуге бағытталған «Қарттарым- асыл қазынам» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесуге білім саласында...

Критериалды бағалаудың өзекті мәселелері

Дәреже: Әдістемелік отырыс
Дата: 2018-09-29 12:11:38
Критериалды бағалаудың өзекті мәселелері
Критериалды бағалаудың өзекті мәселелері талқыланды 29 қыркүйекте «Оқушыларды критериалды бағалау бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында кезекті әдістемелік отырысы өтті. Мұғалімдерге жаңа білім мазмұны бойынша тиісті әдістемелік көмек бере отырып, мұғалімдердің шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіруді мақсат еткен бұл отырысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Т.Сыздыкова...

«Жібек жолындағы жүздесулер-2018» мәдениеттану жобасына үлес қосылды

Дәреже: Мәдениеттану жобасы
Дата: 2018-09-28 16:02:59
«Жібек жолындағы жүздесулер-2018» мәдениеттану жобасына үлес қосылды
«Жібек жолындағы жүздесулер» атты Халықаралық мәдениеттану жобасы  2006 жылдан бастап Орталық Азия өңірі елдерінің қатысуымен жыл сайын өткізіледі. Жобаның мақсаты – Орталық Азия өңіріндегі елдердің және халықтардың арасында жан-жақты байланыстардың нығаюына және жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды сақтауға жәрдемдесу.  Биылғы жылдың 26-27...

Қызықты фотокөрме

Дәреже: Отбасы күні
Дата: 2018-09-28 15:54:34
Қызықты фотокөрме
Отбасы күніне  арналған «Отбасы - махаббат пен адалдықтың кепілі»  тақырыбында қызықты фотокөрме өтті. Оған 3-5 сынып оқушыларының отбасы туралы фотодеректері ілінді. Оқушылар оған  өз отбасылары жайындағы қызықты мәліметтерді де жазып, әдемі безендірген. Сонымен бірге фотосуреттер қасына жазылған отбасы, бірлік туралы даналық сөздер де көрме тақырыбының мазмұнын а...

Қамқоршылық Кеңес жиналысының хаттамасы

Дәреже: Жиналыс
Дата: 2018-09-28 12:40:17
Қамқоршылық Кеңес жиналысының хаттамасы №1 Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі 24. 09.2018ж   Төрағалық етуші: Жиынға қатысушылар: Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері   Күн тәртібінде: 1. 2017-2018 оқу жылындағы Қамқорлық Кеңесі төрағасының есебі. 2. Қамқорлық Кеңесінің мүшелерін және төрағасын тағайындау. 3. Қамқоршылық Кеңе...

Саптық жиын

Дәреже: Саптық жиын
Дата: 2018-09-27 15:53:20
Саптық жиын
2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында әр аптаның дүйсенбісі саптық жиынмен басталды. Екі ауысымда да саптық жиынға жауапты сынып өз насихат тобымен тақырыптарын қорғап жүрді. Қыркүйек айында Тілдер күніне, Отбасы күніне, Балқаш қаласының туған күніне және құқық тақырыбында саптық жиындар ұйымдастырылды.        

Республикалық ата-аналар конференциясы өтті

Дәреже: Конференция
Дата: 2018-09-27 15:42:34
 Республикалық ата-аналар конференциясы өтті
22 қыркүйекте мектебімізде 5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті. Ата-аналарға психологиялық көмек ретінде өткізілген бұл іс -шара қазіргі кезеңдегі әр түрлі мәселелер төңірегінде ой өрбітіп, көптеген ақпаратқа толы болды. Қазіргі заманда жасөспірімдер арасында белең алған кү...

бiрiншiсi 1 132 133 134 135 136 162 соңғысы