Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты» КММ«Біздің мектептің асханасы!» акциясы аясында өткізілген іс-шаралардың ақпараты

Дата: 2022-01-14 09:42:13
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты»  КММ«Біздің мектептің асханасы!» акциясы аясында өткізілген іс-шаралардың ақпараты

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты»  КММ«Біздің мектептің асханасы!» акциясы аясында өткізілген іс-шаралардың ақпараты

 

22-26 қарашасы аралығында «Біздің мектептің асханасы!» атты акция бастау алды.Акция барысында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды.

22 қараша күні 5-9 сынып оқушыларының арасында «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану ережелері», «Дұрыс тамақтану»  тақырыбына арналған презентация, бейнеролик көрсетілді.Көрсетілген бейнеролик пен презентация мазмұны жайлы пікірталас болды және оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

24 қараша күні «Біздің мектептің асханасы!» атты акция аясында 1-4  сынып оқушыларының арасында «Асханадағы өзін ұстау мәдениеті» тақырыбына арналған бейнеролик көрсетіліп, асханадағы мәдениет,өзін-өзі қалай ұстау керегі жайлы әңгіме жүргізілді. Көрсетілген бейнеролик мазмұнына байланысты сұрақтар қойылды және асханадағы мәдениет жайлы өздерінің білетіндері туралы оқушылар әңгімелеп  берді.

23 қараша күні  «Біздің мектептің асханасы!» атты акция аясында 5-9 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Мақсаты: оқушылардың мектеп асханасы жайлы пікірін білу. Сауалнамадағы сұрақтардың мазмұны төмендегідей:

Асханаға байланысты сауалнама

1.Мектептің ас мәзіріндегі тамақтар қанағаттандыра ма?

2.Асты сүйсініп ішесіз бе?

3.Аспазшылар сізге дұрыс қызмет етеді деп ойлайсыз ба?

4.Асхана іші, тазалығы талапқа сай ма?

5.Күнделікті тамақтанғанда асқа тәбетіңіз қалай?

           24 қараша күні бракераж комиссиясының бекітілген кестесі бойынша және «Біздің мектептің асханасы» акциясы аясында бракераж комиссиясының құрамы және қамқоршылық кеңесінің мүшесі,өзін-өзі басқару ұйымы бірлесіп,асхана жұмысын тексерді.

               Мақсаты:      

1. Тамақтанумен қамту;

2. Санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;

3. Еңбек гигиенасы;

4. Дайын өнімнің сапасы;

5. Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.

6. Калькуляциялық және брокераждық журналдың болуын тексеру;

7.Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;

8.Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;

9. Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекциялық құралдардың болуын тексеру;