Жаңа үмітке жетелеген жаңа Жолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа бағыттардан тұратын халыққа  Жолдауын тағы да жолдады.  Егеменді еліміздің  және халықтың игілігін көздейтін жаңа «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты  Жолдаудан жаңа үміттер күтіп, ерекше ризашылықпен тыңдадық.  

     Қасымжомарт Тоқаев Жолдауында айтылған, көтерілген мәселелердің барлығы Жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды құруға қажетті экономикалық, әлеуметтік, құқықтық реформаларды жылдам жүргізуге бағытталған нақты бағдар, сондықтан да біз оларды қолдаймыз.

  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім саласында қызмет істейтін біздер үшін өте қуанышты жаңалық болды.Себебі әр оқушының жайлы жағдайда білім алуы біз үшін маңызды.

Әрине, К. К. Тоқаев елдегі инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін назардан тыс қалдырмады, жаңа балабақшалар  мен мектептер пайдалануға беріледі. Педагогтердің жалақысы 2 есе көтерілгені қуантады, тәрбиешілердің жалақысы 30% - ға көтеріледі. Бұл білім сапасын арттыру бойынша педагогтер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасау – бұл болашаққа инвестиция деп айтылады. Президент өз үндеуінде 1-4 сынып оқушыларының барлығын тегін ыстық тамақпен толық қамту туралы хабарлады. Студенттердің стипендиясы 50% - ға өседі, бұл гранттарға түсуге және мұқият оқуға жақсы ынталандыру. Осы жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысынан балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шоттарына аударымдар түсе бастайды. Бұл көптеген азаматтарға балаларының гүлденген болашағына сенімділік беретін басты қадам деп білеміз. 

Президентіміз "Бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге көтерілуі қарапайым халық үшін қуанарлық жағдай деп ойлаймыз және де  кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез- келген түріне қатысты жазаны күшейту өте орынды тапсырма деп ойлаймыз. 

       Жолдауда айтылған бастамалар мен жүктелген тапсырмалар елдің тұрақты дамуына кепіл боларына сенеміз мол. Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты  жемісті жүзеге асырылып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін. 

 

 

Мектеп директоры: Мусина Альмира Калкамановна