Мектеп басшысының баяндамалары

Дәреже: Мектеп басшысының баяндамалары

Мектеп басшысының баяндамалары

27 мамыр күні ел Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті.

Ұлттық кеңестің отырысында адами капиталды дамыту, білім берудің өзекті мәселелері, денсаулық саласы жан-жақты талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың күн тәртібі туралы айта келіп, кез-келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналғанын атап өтті. Президент өз сөзінде : «Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз», – деді . Сонымен қатар 2025 жылға дейін білім саласын қаржыландыру 6 есеге, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есеге артатынын айтып, мемлекет басшысы, әлеуметтік салаларды реформалау бастамаларының маңызына ерекше тоқталды. Президенттің мәлімдеуінше ғылым саласын жетілдіру мақсатында мемлекеттен бөлінетін гранттар саны 3 есеге артады. Ауыл мен қала мектептерінің ахуалын теңестіріп, техникалық мүмкіндігін жүйелеу маңыздылығын ашық айтты. Үш ауысымда білім беруді тоқтатып, алдағы 4 жылда 650 000 орындық 800 мектеп салынатыны тағы бір жағымды жаңалық болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес мүшелерінің назарын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешу жөніндегі міндеттерге аударды. Сонымен қатар білім беру саласындағы басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек екенін айтты. Ұлттық кеңес отырысында алдыға қойған нақты шешімдерді ескере отырып, педагогтардың алдында жауапкершілігі мол істердің тұрғанын тағы бір сезіндік. Ел болашағын тәрбиелеп , адами капиталды дамытып , ұлы өркениетке бет алған жолда ұстаздар қауымы аянбай тер төгетініне сеніміміз мол. «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ директоры М.С.Есжанова

2020-05-29 17:29:14

Скачать Смотреть

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

2020-05-03 00:18:44

Скачать

Жаңа үндеу - жаңа серпіліс

Жаңа үндеу - жаңа серпіліс

2020-04-08 11:20:41

Скачать Смотреть

Президентің мәлімдемесіне пікір

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар туралы мәлімдеме жасады Мәлімдемеде Президент мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы қиындықтарды жеңудегі нақты қадамдарды көрсетіп, төтенше жағдайды еңсерудің сегіз жолын атады. Зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақының және әлеуметтік көмектің өсуі бұл қазақстандық азаматтардың мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынып, қолдауға ие болғандығының куәсі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіріп үлгермегендер де көмексіз қалмайтын болды. Азық-түлік таратылып, жанар жағар майдың бағасының түсуі, салықтардан босату, ақ халатты абзал жандарға жоғары деңгейде қолдау көрсету- күрделі кезеңдегі тығырықтан шығара алатын шұғыл әрі нақты, дұрыс шешім. Біз педагогтар қауымы әрдайым ел Президентін қолдаймыз! Біз біргеміз! Балқаш қаласы ЖББ24 орта мектеп директоры М. С. Есжанова

2020-04-01 10:12:34

Скачать Смотреть

Құрметті ата-ана !

Елімізде белең алып жатқан оқиғаларға байланысты балаларымыз мектепке келе алмай, ұстаздарымыз қашықтықтан білім беріп сын сағатқа түсіп жатыр! Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс алшақтап кеткен уақытта ата-аналардың қолдауынан үлкен үміт күтеміз! Оқушылардың толық қанды білім алуына «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ педагогтар ұжымы барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр! №24 орта мектебінің педагогтары қашықтықтан оқыту үрдісін келесі платформалар арқылы ұсынады: Теледидар сабақтарын пайдалану. 1-11 сыныптарға арнап "Балапан" телеарнасында қазақ тілінде , "Ел-Арна" телеарнасында орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар жүргізіледі. Теледидар арқылы балаларыңыздың білім алуына жағдай жасалады. Сабақ берудің эфирдегі уақыты сағат 09-00-ден 15-00-ге дейін. Bilimland.kz, sabak.kz, youtube.com және ZOOМ білім беру платформаларды пайдалана отырып, пәндер бойынша бейнесабақтар трансляциясы ұйымдастырылатын болады. Daryn.online.kz сайтына қазақ тілінде әзірленген сабақтар орналастырылады. Facebook, Instagram және мектеп сайттары, әлеуметтік желілер арқылы тәрбиелік іс-шаралар үшін әзірленген бейнеконтент орналастырылады. Педагогтар әр түрлі коммуникация құралдарды, яғни – әлеуметтік желілерді, уотсапп, скайп желілерін пайдалана отырып оқушылармен арнайы құрылған сабақ кестесі бойынша сабақтар жүргізеді. Қашықтық форматта сабақ жүргізу барысында мониторинг, бақылау жүйесі ұйымдастырылады. Құрметті ата-аналар! Орны толмас өкініш болмас үшін, әр баланың шаттық күлкісі үшін, сіздер үйде отырып, сақтық шараларын жасаңыздар, әр балаға үлкен жауапкершілік туралы түсіндіріңіздер! Сабыр мен төзімділікті осы кезде көрсетейік! Бір - бірімізге қамқор болайық! Баланың өмірі, сіздердің өмірлеріңіз бізге қымбат! Біз бұл індетке қарсы тұра аламыз, сіз бен біздің бұл пандемияны жоюға, жеңуге барлық мүмкіндігіміз бар! Бір шаңырақ астында, отбасы бақытын бірге бөлісіп, балалардың білім алуына қолдау көрсетіп , бізбен бірге болыңыздар! Біз сіздермен біргеміз!

2020-03-30 22:56:16

Скачать Смотреть

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.

2020-03-10 19:26:19

Скачать

1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

2020-03-10 19:18:28

Скачать

Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата – аналар және кеш қонақтары!

Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан – жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен “қош – қош” айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу.

2019-06-06 14:24:58

Скачать

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

2019-05-06 14:13:17

Скачать Смотреть

Сабыр мен төзімнен , сұлулық пен жылулықтан жаралған құрметті біздің аналар, аяулы әжелер,, көктемдей құлпырған қыздар!

Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін 8 наурыз мерекесімен құттықтаймынІ Көктем мерекесі сіздерге сезімнің жылуын, ақ ниеттің тазалығын, нәрлі күш-қуат сыйласын! Сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық , елімізге тыныштық тілеймін. Алаштың ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеп, ұлттың да ұрпақтың да бесігін түзейтін, әлемді қолымен тербейтін әйел-аналарымыз! Өмірдегі әйел заты жаққан шырақ ешқашан сөнбесін! Мерекелеріңіз құтты болсын !

2019-03-11 11:18:24

Скачать Смотреть

«Жастар жылының» ашылу салтанатының трансляциясына пікір

«Жастар жылының» ашылу салтанатының трансляциясына пікір

2019-02-15 11:01:16

Скачать Смотреть

Құрметті оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді біздің еліміздің басты мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің үшінші онкүндігінде Қазақстан өзін-өзі өршіл міндеттер қойып отыр, оның шешімі ұзақ мерзімді перспективада мемлекет дамуының векторын анықтайды. Бізде алға жылжу үшін нақты нұсқаулар бар. Мемлекет басшысының алғашқы күндерінен бастап дамудың ең жақсы үлгісі ретінде Елбасының даналығы мен түсінігі бізді қазіргі жеңістерге алып келді. Біздің басты құндылығы - олардың жұмысы адам, тарихы мен салт-дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын тойлайды. бірге оның Президенті Қазақстан халқы егеменді, гүлденген мемлекет құруға жалғастыруда. Бүгінгі күні жаңа ұрпақ өсіп келеді, шығармашылық, интеллектуалды жетістіктерімен, ізгі істерімен біздің қаламызды, өңірімізді, біздің Қазақстанды даңқтайтын еркіндік рухын, сәттілік пен жеңісті жетілдіреді! Осы маңызды күні сіздерге зор денсаулық, бақыт және тұрақтылық тілеймін! Бейбітшілік, үйлесім мен түсіністік әрдайым сіздің үйде билік жүргізе алады. Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

2018-12-16 12:28:19

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы