«Жас сарбаз» әскери патриот клубының мүшелерінің қатысуымен 7-8 сынып оқушылар арасында дебат өтті.
Дата: 2021-04-09 15:11:15
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интренаты» ККМ –де «Адал ұрпақ» еріктілер клуб мүшелері және «Жас сарбаз» әскери патриот клубының мүшелерінің қатысуымен 7-8 сынып оқушылар арасында дебат өтті.
Мақсаты:Оқушылардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру,өз ойын еркін жеткізе алатын патриот тұлға тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.Ұйымдастырушы аға тәлімгер Өрікбай М.Е бейнеролик көрсету арқылы қатысушыларға сұрақтар қойды. Осы сұрақ төңірегінде «Жемқорлықсыз қоғамға қадам», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыптарын оқушылар аша білді.Өз ойларында оқушылар сыбайлас жемқорлық мәлелелері мемлекет бақылауында тұрғанын, оған жол бермейтіндерін жеткізді.