Категория: Все

«Салауатты өмір –жарқын болашақ» дене шынықтыру апталығы аясында 9-11 сынып оқушылары кездесуге қатысты.

15.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ –де «Салауатты өмір –жарқын болашақ» дене шынықтыру апталығы аясында 9-11 сынып оқушылары кездесуге қатысты. Кездесу тақырыбы: «Жасөспірімдер арасында ЖИТС –тың алдын алу».Кездесу қонағы: Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС –тың алдын алу және күресу орталығының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігер –эпидемиологы А.А.Батырбекова.Дәрігер –эпидемиолог А.А.Батырбекова оқушыларға ЖИТС ауруынан сақтану жолдарын түсіндірді.Оқушыларды жаман жат қылықтардан аулақ болуға,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. #балқашденешынықтыруапталығы #неделяфизическойкультурыбалхаш #здоровымбудешьвседобудешь #здоровьемоебогатство #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg.gov.kz

2021-02-16 08:37:29

Скачать

Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы бойынша 8 -9 сынып оқушыларымен отырыс өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп –интернаты» КММ -де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы бойынша 8 -9 сынып оқушыларымен отырыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу,құқықтық сауаттылығын тереңдету қоғамға жат мінез –құлықтардан сақтандыру, қоғамдық мүліктерді сақтауға үйрету. Отырыс қатысушылары: ДТІЖО К.А.Бейсекина;әлеуметтік -педагог Хасенова А.О;мектеп инспекторы: Ж.Б.Секебаев; сынып жетекшілер, оқушылар. Қатысушыларға тақырыпқа сай слайд, бейнеролик арқылы жан –жақты ақпарат берілді. Мектеп инспекторы Ж.Б.Секебаев оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Отырыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті.

2021-02-15 09:28:11

Скачать

"Бәрі де махаббаттан басталады" ата-анамен кітап оқу сағаты өткізілді.

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталықтың іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2021 жылдың 8 ақпан күні 2"А" сынып оқушыларымен "Бәрі де махаббаттан басталады" ата-анамен кітап оқу сағаты өткізілді. Мақсаты: ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, салауатты, саналы ұрпақты тәрбиелеу.

2021-02-15 09:22:35

Скачать

«Заң және жасөспірім» тақырыбында 9 «Б» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Заң және жасөспірім» тақырыбында 9 «Б» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Оқушыларға ақпарат кеңінен таратылды.Сынып жетекші: Маулетова И.О оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша бяндап берді. Оқушыларды «Өз ойымды айтайын» атты ашық микрофонға шақырды.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жамандықтан жиренуге, бойына жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға үйренді.

2021-02-15 09:19:35

Скачать

"Құқықтық навигатор"құқықтық сауаттылық апталығының ашылуына байланысты хабарландыру жасалынды .

08.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің « №24 мектеп-интернаты» КММ –де "Құқықтық навигатор"құқықтық сауаттылық апталығының ашылуына байланысты хабарландыру жасалынды . Хабарландыру мақсаты: Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі қарай арттыру және құқықтың мәні,мағынасы мен ұғымы,оның әлемдегі орны,құндылықтары мен маңызы, адам, қоғам және мемлекет өміріндегі халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеу болып табылды. Бұл апталықта №24 мектеп –интернатының оқушыларының арасында туындайтын құқықтық жауапкершiлiк жайлы; ҚР Қылмыстық және Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы толық мәлiмет берiлетін болады. Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі қарай арттыру және құқықтың мәні,мағынасы мен ұғымы,оның әлемдегі орны,құндылықтары мен маңызы, адам, қоғам және мемлекет өміріндегі халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеу болып табылды.

2021-02-15 09:18:06

Скачать

«Толеранттылық – бейбітшілік мекені» танымдық сабағын 5 «А» сынып жетекшісі Ж.Н.Оспанова өткізді.

09.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Толеранттылық – бейбітшілік мекені» танымдық сабағын 5 «А» сынып жетекшісі Ж.Н.Оспанова өткізді. Танымдық сабақта оқушыларың құқықтық сауаттылығы арытып, өзге ұлтты сыйлауға, салт -дәстүрін қадірлеуге,өз салт-дәстүрін ұмытпауға үйренді.

2021-02-15 09:15:25

Скачать

«Мен салауатты өмір салтын сақтаймын!» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.

09.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Мен салауатты өмір салтын сақтаймын!» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы:5 «Б» сыныбының жетекшісі Абрамова Т.А #құқықтықсауаттылықапталығы @umckrg @balkhash.goo.kz @balqash_qalasy_bilim_bolimi #құқықтықнавигатор #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg.gov.kz

2021-02-15 09:13:15

Скачать

«Әлем балалары»

09.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Әлем балалары» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында өткен тәрбие сағатының мақсаты:оқушылардың құқықтық сауаттылығын кеңейту , отбасы – бала тәрбиесінің алтын ұясы екенін түсіндіру. Сынып жетекші Р.С.Дуйсенбекова оқушыларға «Әлем балалары тәрбиесі» атты бейнефильм көрсетті.Оқушылар әлем балаларының тәрбиесі туралы өз ойларын жеткізді.

2021-02-15 09:11:37

Скачать

«Өнегелі өмір»

09.02.2021 күні облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында және 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай 32 жыл толуына орай кездесу өтті. «Ерлік ұрпаққа аманат!» тақырыбында өткен кездесу мақсаты: ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында тарихқа шолу, Ауған соғысы туралы мағұлмат алу, оқушыларымызға ардагерлердің ерлігін насихаттау және кәсіптік бағдар беру. Іс-шараға Ауған соғысының ардагері жерлесіміз Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы шақырылды.ДТІЖО К.А.Бейсекина барлық қатысушыларды құттықтап, шараға келген қонаққа алғыс білдірді.Шараға қатысқан М.Ж.Аязбаев ерлігі және өмірі жайлы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.Кездесу барысында мектепішілік «Тәуелсіз елдің- бақытты ұланы» сайысының қорытындысы бойынша «Жас сарбаз» патриот клубының мүшелеріне марапаттар табысталды. Шара соңы 7 «А» сынып оқушыларынан құралған үгіт-насихат тобының өлең жолдарымен жалғасты. Сынып жетекшілер: Т.А.Абрамова;Е.К.Ахай;Шондина Э.В ұйымдастырған шараның оқушылар үшін маңызы зор, тағылымы мол, кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз. Қатысушылар саны: 45

2021-02-15 09:10:19

Скачать

"Правовой мир глазами детей"

8 февраля 2021 года на открытии недели "Правовой грамотности" во 2 "Б" классе проводился конкурс рисунков на тему "Правовой мир глазами детей". Дети активно принимали участие. Целью конкурса является формирование правовой культуры и творческих способностей детей. Задачи: правовое посвящение детей в области прав ребёнка, развитие личности и творческих способностей учащихся.

2021-02-15 09:07:28

Скачать

«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Толеранттылық – бейбітшілік мекені» танымдық сабағын 5 «А» сынып жетекшісі Ж.Н.Оспанова өткізді.

9.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Толеранттылық – бейбітшілік мекені» танымдық сабағын 5 «А» сынып жетекшісі Ж.Н.Оспанова өткізді. Танымдық сабақта оқушыларың құқықтық сауаттылығы жайлы сөз қозғап, өзге ұлтты сыйлауға, салт -дәстүрін қадірлеуге,өз салт-дәстүрін ұмытпауға үйренді.

2021-02-10 09:19:49

Скачать

«Анама сыйлық»

5-7 сынып оқушылар арасында «Анама сыйлық» атты қолдан жасалған бұйымдар, ашық хаттар сайысы өткізілді.Сайыстың мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа,ананы құрметтеуге,мейірбан болуға үйрету.

2021-02-10 09:18:25

Скачать

первая 1 19 20 21 22 23 51 последняя