Размер шрифта:

«Біз – бейбіт елдің ұланымыз!» атты лагердің 2 ауысымының жабылу салтанатына арналған зияткерлік ойын болды.

Дата: 2018-07-20 14:40:19
«Біз – бейбіт елдің ұланымыз!» атты лагердің 2 ауысымының жабылу салтанатына арналған зияткерлік ойын болды.

Мақсаты: балалардың зияткерлік  қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға. Сондай-ақ оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу. Ойын барысында балалар өздерінің білімдерін 5 кезең бойынша сарапқа салды.  1 кезең «Бәйгеде» оқушылар әр түрлі сұрақтарға шапшаңдылық таныта отырып, жауап берді. 2 кезеңде жұмбақтардың шешеуін тауып екі орысша, ағылшынша баламасын тапты. «Ғажайып төртеу» бөлімінде пәндер бойынша білімдерін ортаға салды. 4 кезеңде До,ре,ми,фа,соль,ля,си ноталарының біреуін таңдап,берілген тапсырманы орындады. Соңғы бөлімде әр оқушы өздерінің армандарымен бөлісті. Соңында әділ қазылардың ұпайы бойынша екі топқа  баға берілді. Сайыс қызықты, әрі тартысты өтті.