Размер шрифта:

«Елімнің жүрегі – Астана» атты концерттік бағдарлама болды.

Дата: 2018-07-20 14:28:50
«Елімнің жүрегі – Астана» атты концерттік бағдарлама болды.

 Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.  Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуғатәрбиелеу.Іс – шара барысында Астана қаласы туралы өлең шумақтары және  балалардың бас қаламызға арнаулары оқылды.  Сонымен қатар бүлдіршіндерге Астана қаласының тарихы, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері, қаланың көрікті жерлері, зәулім үйлері туралы ақпараттар берілді.Астананың әсем көріністерінен слайд көрсетіліп,«Астана ғимараттары» бейнефильмі көрсетілді.Қатысушыларға Астана туралы викториналық сұрақтар қойылып, олар өздерінің ұтымды жауаптарын айтты. Астана күніне орай арнайы жасалған викториналық сұрақтар қойылды. Бас қаламызға арналған әндер айтылып, би де биленді.