«Қолөнер» үйірмесі

Дата: 2018-07-20 13:55:24

Үйірмеде балалар өздерінің бірінші күннен бастап әр түрлі материалдармен жасап жатқан жұмыстарын аяқтап, лагердегі көрмеге тапсырды. Әр бала өздерінің жасап шыққан қолөнер бұйымына тамсана қарап, өздері жасағандарын аса бір мақтаныш сезіммен жеткізді. Өйткені жасаған бұйымдары сапалы, әрі көздің жауын алатын дүниелер болып шыққан. Енді үйірме жұмысы басқа бұйымдар жасаумен жалғасын таппақ.

11:20 – 12:20 – аралығында кітапханашы дайындаған «Құқық алаңында»тақырыбында әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттерден көрме ұйымдастырылды.Мақсаты:Азаматтардың құқығы мен міндеттері жайлы білімдерін кеңейту, адамгершілік туралы түсінік қалыптастыру, ой-өрістерін дамыту.Балаларбаланың құқығы туралы конвенция бойыншакөптеген ақпаратпен таныстырылды. Осы көрмеде оқушылар «Бала құқығы» туралы өздерінің ойларын ортаға салды.  «Құқық дегеніміз не?», «Қалай ойлайсыздар, сендердің ең негізгі құқықтарың қандай?»,  «Бала міндеті дегеніміз не?»  тақырыбында оқушылар мәлімет берді. Оқушылар тарапынан қызығушылықтарының басым екені көрінді. Көптеген пайдалы мәліметтер ала отырып, өз пікірлерімен бөлісті. Барлығы белсенді қатысты, өз ойларын еркін жеткізді. Көрмеден үлкен әсер алғандары сезілді.