Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24мектеп-интернаты» КММ-де 4-желтоқсан күні «Күш атасын танымас» тақырыбында Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақ қазақ батырларының өмірі мен жеңістері туралы 7-8 сынып оқушыларына таныстыру мақсатында дөңгелек үстел ұйы

Дата: 2024-03-05 15:55:43

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24мектеп-интернаты» КММ-де 4-желтоқсан күні «Күш атасын танымас» тақырыбында Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақ қазақ батырларының өмірі мен жеңістері туралы 7-8 сынып оқушыларына таныстыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Әлемге әйгілі Қажымұқан Мұңайтпасұлы мен Балуан Шолақ өмірі мен күрестегі жетістіктерін үлгі ету; Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру; халықтың рухани байлығы әдебиетті игерту, спортты сүйе білуге, достықты құрметтеуге, Отанына деген сүйіспеншілікке баулу; Дөңгелек үстелімізге аталар мектебінің мүшесі Кожаков Д.А қатысып өз білгендерімен бөлісті. Оқушыларға Қажымұқан туралы фильм көрсетіліп, Балуан Шолақтың өлеңдерінен үзінді тыңдатылды.Оқушылар алған әсерлерін ортаға салып, Қажымұқан мен Балуан Шолақ аталарындай палуан болғысы келетіндерін және әр түрлі спорттық дайындықтарға қатысып жүргендерімен бөлісті.