Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ бойынша 19.02.2024 жылы 1 сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.

Дата: 2024-03-05 14:21:23

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ  бойынша 19.02.2024 жылы 1 сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде: 

  1. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке кезінде туындайтын қиындықтар; (әлеуметтік педгог)

  2. «Отбасы махаббаты неде?» ата-аналарға арналған тренинг.

(Педагог-психолог )

 

Тыңдалды

Әлеуметтік педагог С.Жолдасбаева

Баяндама оқыды. 1 сыныпқа келген баланың жай-күйі туралы баяндады. Ондағы кездесетін қиындықтар бойынша айта келе, сынып жетекші және ата-ана тарапынан қолдаудың аса қажетті екендігін айтты.  Көбінесе баланың мектептегі сәтсіздіктері, олардың ұжымға енуі, оқығысы келмеуі немесе оқи алмауы ата-аналардың қателіктерінің нәтижесі болып табылады. Ата-аналар бастысы баланың материалдық қамтамасыз етілуіне басты назар аудара отырып, оның кітап оқуға деген қызығушылығының қалыптасуына, баланың сөйлеуінің дамуына, еңбекке, еңбекті сүюге психологиялық дайындығына аса мән бермейді. Осының нәтижесінде балада білімге деген жағымсыз қатынас қалыптасады. Баланы мектепке даярлауда отбасы маңызды рөл атқарады.Ата-ананың міндеті – баланың өмірінде кездесетін барлық жайттарға қызығушылық таныту, оны жақсы көретіні туралы сендіру және оған қамқор болу. Баланы мектепке даярлауда бастысы жағымды көзқарасты қалыптастыру керек. Балаға мектепте «қиындық болады, тыңдамасаң бұрышқа тұрғызып қояды, ұрсады» деп айтуға болмайды. Керісінше «мектепте қызық болады, онда жаңа достарың көп болады, онда ол көп нәрсені үйретеді» деп, түсіндіріп баланы қызықтырған жөн. Белгілі балалар психологы Л.А. Венгердің айтуы бойынша «Мектепке дайын болу – міндетті түрде оқу, жазу, санау емес. Мектепке дайын болу – осының барлығына үйрену».

          

      Тыңдалды

Педагог-психолог С.С.Жумажанова

«Отбасы махаббаты неде?» ата-аналарға арналған тренинг жүргізді.

1.«Сәлемдесу» жаттығуы.

2. «Танысу» жаттығуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атады.

3.Ой жинақтау .
Тақырып берілді. (ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салды)

4.Балалардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға  арналған  кеңестер (бейнеролик)

5.Сауалнама: «Сіз  қандай  ата-анасыз?»

6.Қорытынды.«Тілек шамы».

7. Кері байланыс. Ата-аналар бүгінгі жиналыс жөнінде өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тілектерін айтып, ұйымдастырушы мамандарға алғыс білдірді.

 

 

 

Әлеуметтік педагог: С.Жолдасбаева          

Педагог –психолог : С.С.Жумажанова