Размер шрифта:

Лагеріміз этно-ауыл бағыты бойынша өтетіндіктен қыздарымыз "Құрақ көрпе құраудың маңызы" , қазақтың ою-өрнектерімен танысып және өмірде қолдануын үйренді

Дата: 2023-06-14 18:40:53

"Балауса" лагерінің күні әдеттегідей балаларды қабылдаумен басталды. Содан кейін таңғы жаттығу жасалып, балаларды бүгінгі күннің жоспарымен таныстырып өттік.  Лагеріміз этно-ауыл бағыты бойынша өтетіндіктен қыздарымыз "Құрақ көрпе құраудың маңызы" , қазақтың ою-өрнектерімен танысып және өмірде қолдануын үйренді. Үлкен қыздарымыз құрақ көрпенің қалай тигілуін үйренсе, кіші қыздарымыз оюларымызды әдемілеп қиып, жабыстырды. Ұлдарымыз жаздың пейзажын салуды үйренді. Балаларға өз қолдарымен жасаған істері қатты ұнады.  Кейін "Көңілді би алаңы" тик-ток желісіндегі билерді билеп, көңілдерін көтерді.  Оқушылар әр түрлі би билеп, арасында өздеріңе ұнайтын әндер айтып өте қызықты күн өткізді.