"Банк Центр Кредит"

Дата: 2023-06-05 13:48:08

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "N24 мектеп-интернаты"КММ-сінің 1-7 сынып оқушылары 1 маусымда қаламыздағы "Банк Центр Кредит" мекемесіне кәсіптік бағдар беру мақсатында саяхат жасап келді. Банк қызметкерлері оқушыларды шарлармен күтіп алды. Банкке бару мақсатымыз,  білім алушылардың қаржылық сауаттылығы мен ұстанымын арттыру, қаржылық қызметтің ақпараттық базасын қалыптастыру; қаржы саласындағы білімдерін кеңейту; қаржы мәдениетіне тәрбиелеу; қаржылық қызметпен айналысу уәжін қалыптастыру. Банк қызметкерлері оқушылармен сұрақ-жауап арқылы ойындар ойнатты. Жалпы банк қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарымен таныстырып, саяхат соңында өздерінің дайындаған тәттілерін таратты. Оқушылар көптеген мағлұматтар алып, сұрақтарына жауаптарын да алды. Балалар "Банк центр Кредит" қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, болашақта банк қызметкерлері болғылары келетіндерін айтып, қоштасты. Әр оқушыға сертификат берілді.