«Мінез адам көрсеткіші»

Дата: 2023-05-30 17:24:59

«Мінез адам көрсеткіші»

ақпарат

Өткізілген күні:мамыр

Қатысқандар:8-9 сыныптар

Әдісі: әңгімелесу

Мақсаты:адам мінезін жақсы және жаман түрлерін ажырата білуге , адам бойындағы жаман мінездерді жою, жақсы мінездерін ізгілікке дамыту.

Мамыр айында жоғары сыныптардың арасында «Мінез адам көрсеткіші» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Іс-шарада мынандай жұмыстар жасалды.

  • Есімдер аллитерациясы»
    Нұсқау:Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.
    Мысалы:Мен ақылды–Айгүлмін.Ақкөңілмін,тез ашуланам.
    Мен сымбатты-Сабирамын.

  • «Мағынаны тану» ( сұрақтарға жауап беру)
    • Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
    • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
    • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
    • Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

  • «Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығы( постер қорғау)

  • «Шегенің ізі» видеороликті көріп өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар барлық тапсырмаларға белсене қатысып отырды және өз ойларын еркін жеткізді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.