"Кәсіптік бағдар сағаты-2023"

Дата: 2023-05-30 11:15:26

25.05.23 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты " КММ -нің 8-9 сынып оқушылары Қарағанды ​​облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Кәсіптік бағдар сағаты-2023" вебинарына қатысты. Бұқар-Жырау агротехникалық колледжі, Нұра көпсалалы  колледжі, Ақтоғай аграрлық -техникалық колледж, Шет агротехникалық колледжі, Абай көпсалалы колледжі   өз мекемелері бойынша және өз колледждеріндегі мамандықтар бойынша қысқаша түсіндіріп өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды.