"Балқаш вагон пайдалану депосы"

Дата: 2023-05-30 10:05:00

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде мамыр айының 22-ші жұлдызында 7 сынып оқушылар кәсіптік бағдар бойынша Станция бекетіндегі "Балқаш вагон пайдалану депосы" техникалық қызмет көрсету пунктіне барды. Ол жерде оқушыларға Балқаш депосының тарихы, локомотив бригадаларының жұмысы, сонымен қатар вагон тексеруші-жөндеушінің жұмыс сипаттамасымен танысып өтті. Вагон жөндеушінің негізі қызметіне поездың қауіпсіз қозғалысына қауіп төндіретін  ақаулықтарды анықтау және жою техникалық қызметі кіретінін түсіндірді. Оқушылар Теміржол саласындағы мамандықтарға қызығушылықтары артып,  сұрақтар қойды. Өз сұрақтарына жауаптарын да алып, қызықты саяхатқа барып келді.