«9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні»

Дата: 2023-05-03 16:12:09
«9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде мамыр айының 3-інші жұлдызында мектеп кітапханасында «9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Мақсаты: Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа, отан-сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу. Мектеп кітапханашысы Ұлы Отан соғысы жайлы кітаптарды таныстырып, слайд көрсетіп, оқырмандарға викториналық сұрақ-жауап  ұйымдастырды.