«Ел бірлігі – ең асыл қасиет».

Дата: 2023-04-26 11:42:55
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет».

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде сәуір айының 21-інші жұлдызында мектеп кітапханасында «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Мақсаты: 1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Мектеп кітапханашысы көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін айта келе, оқушыларға көрмедегі көп ұлтты Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдайтын, тарихын қамтитын, бірлігін бейнелейтін «Менің отаным- Қазақстан», «Ұлттар ұйымы және Қазақстан», «Языки нородов Казахстана», «Менің далам» т.б. кітаптарды оқырмандар назарына ұсынды.