"Құстар -біздің досымыз"

Дата: 2023-04-26 11:34:10

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-де  2023 жылдың 24  сәуір күні"Құстар -біздің досымыз" атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құстар әлемі  құпиясы туралы түсініктерін кеңейту ой өрістерін дамыту. Негізінен қанатты достарға қамқор болуға ,оларды аялап баптауға бейімдеу. Шығармашылық қабілеттерін жақсылық жасай білу іскерліктерін ашу, өз

ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Әсем құстармен таныстыру. Табиғат -Ананы қорғауға, елін, жерін сүюге,мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру. Құстар біздің досымыз ұғымын бекіту. Олар қамқорлықты қалайды.