Бракераждық комиссия

Дата: 2023-04-06 15:24:24
Бракераждық комиссия

Қарағанды облысы біілім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасында 30.03.23жылы бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , әлеуметтік педагог  Жумажанова С.С, оқу ісінің меңгерушісі Маулетова И,О, информатика пәнінің мұғалімі Бекмаганбетова Н.С жоспарға сай тексеріс жүргізді.  

Күн тәртібінде:

1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру

2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы

3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы

4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.

Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған . Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан ыдыстар кружкалар алынып тасталды.  Және сонымен қатар, ас мәзірі бойынша сүзбеше болмады, күнделікті тәуліктік сынама толық тоңазытқышқа қойылмаған, аспазшыға және көмекшісіне ескерту жасалды. 

Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді.

Ұсыныс: Күнделікті ас мәзіріндегі тағамды толығымен қамтамасыз етіп отыру. Сынған ыдыстарды қолданбау.Тәуліктік сынаманы уақытылы қою.