«Оқуға құштар мектеп»

Дата: 2023-03-16 10:44:34
«Оқуға құштар мектеп»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде наурыз айының 13-інші жұлдызында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-9 сынып арасында  жаппай кітап оқу қарқынды жүргізіліп келеді. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап оқуға үндеу. Мектебіміздің оқушылары бір уақытта ертегілерді, көркем әдебиеттерді сыныптарында  оқыды.  Кітаптан алған әсерлерімен ой бөлісіп, мазмұндады.