"Өнегелі өмір"

Дата: 2023-03-01 14:52:05

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің #24 мектеп-интернаты" КММ-де "Қаржылық сауаттылық  апталық аясында "Өнегелі өмір" жобасы аясында 6 сынып оқушыларымен "Педагогика және психология", "Есеп және аудит" "Инженер" мамандықтарын қызыл дипломға тамамдаған 

" Лидер" оқу орталығының негізін қалаушы басшысы, есепші Оспанова Гульфат Каскырбаевнамен ZOOM платформасында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты қаржылық сауаттылық және экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды экономикалық мәдениетпен, іскерлікке, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани - материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру. Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қойып, жауаптарын толығымен алып , пікірлерімен алмасты.