«Мамандықтар жәрмеңкесі -2023»

Дата: 2023-02-06 21:58:53
«Мамандықтар жәрмеңкесі -2023»

2023 жылдың 27 қаңтарында  Қарағанды облысы Балқаш қаласының Оқушылар сарайында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандықтар жәрмеңкесі -2023» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Мамандықтар жәрмеңкесі жасөпірімдерге еңбекке деген зерделі көзқарас қалыптастыруға да ықпалдасады. Іс-шараға «№24 мектеп -интернаты» КММ-нің 9- сыныптарынан 15 түлегіміз қатысты. Сонымен қатар, мамандық таңдау және білім беру жолдарын анықтау мәселелері білім алушылардың өздері, олардың ата-аналары үшін де қиын міндет болғандықтан, біразы білім беру бағдарламалары туралы, қандай кәсіби біліктілік алатындары жайлы ақпараттар алды. Түлектер үшін берілген ақпараттар өте маңызды болды, олар өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды.