«Өнегелі өмір»

Дата: 2023-01-19 13:29:49
 «Өнегелі өмір»

"Өнегелі өмір" облыстық жобасы аясында химия ғылымдары бойынша PhD докторанты, ұстаз , Республикалық «QAZBILIM» орталығының директоры, мативатор, ақын, блогер, Астана қаласындағы 90 - гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлымен мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуде мектебіміздің оқушылары көптеген сұрақтар қойып,   өздерінің болашақ мамандық таңдауда саналарында жүрген сұрақтарына жауаптарын алды. Бұл кездесудің басты мақсаты оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру. Аятжан Ахметжанұлы кездесу соңында оқушыларға Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып армандарына жетіп, жақсы мамандық иесі болуға.

Егеменді еліміздің ертеңі — білікті маман иелері болуларына өз тілегін білдірді!