«Күй құдіреті»

Дата: 2023-01-19 12:48:56
«Күй құдіреті»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «24 мектеп-интернаты»КММ 3 сыныбында өткен №1зерттеусабағына

Ақпарат

 

17.01.2023 күні 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Күй құдіреті» тақырыбында «Lesson study» әдісі бойынша №1 зерттеу сабағы жүргізілді.

L.S.  зерттеу сабағының мақсаты: оқушылардың айтылым дағдыларын арттыру.

Сабақ үш би атымен ауылдарға бөліну арқылы ұйымдастырылып, билердің шешендік сөздері жатқа айтылып,«Құпия сандық» әдісіменқұпияны ашу арқылы, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудан басталды.Оқу тапсырмасы «Семантикалық картаны» толтырып,ауызша толықтыру жасау арқылы тексерілді. «Ой қозғау»әдісінде жұмбақ шешіп,сабақ мақсаты хабарланып, күй тыңдау арқылы Жаңа тақырыпты болжау арқылы анықтады.Мәтінмен жұмыс кезеңінде,басты кейіпкерді анықтап,сол туралы бейнематериал көру арқылы , білімдерін толықтырды.

Мәтін бойынша «Ойлан,жұптас, бөліс»әдісі арқылы топта жұмыс жасалды. Қосымша тапсырмалар беру кезеңінде «WORDWALL»  платформасы қолданылды.

    Сабақтың қорытынды бөлімінде «Кім жылдам?» ойыны арқылы , «Сөзжұмбақ» шешу сәтті болды.