"Тәуелсіздік - тірегім"

Дата: 2022-12-14 16:37:36

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-де "Тәуелсіздік - тірегім" тақырыбында 4 а сыныбында сынып сағаты өтті . Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу. Іс - шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаумен бастау алып, Тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін бейне фильм көрсетілді. Сонымен қатар  мемлекетіміздің Тәуелсіздік жолындағы белестерін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар болды. Оқушылар жаттап келген өлең - шумақтарын ортаға салып, соңында патриоттық рух беретін ән шырқады.