«Кітапхана әлеміне саяхат»

Дата: 2022-11-22 12:22:03
«Кітапхана әлеміне саяхат»

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 мектеп-интернаты» КММ-де 18 қараша күні«Оқуғақұштармектеп» жобасыаясында 1-сынып оқушыларына «Кітапхана әлеміне саяхат» аттыкітапханағасаяхат, көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балаларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру,кітапты сүюге баулу, кітапты дұрыс таңдауға, кітап ұстау ережелері туралы мағлұмат бере отырып, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу.

Кітапханашы оқушыларға кітапхана туралы, балалар әдебиеті бөлімі,кітап қоры туралы мәлімет берді,«Оқу залы»бөлмесі көрсетіліп, кітапхана ережелерімен таныстырылды, соны мен қатар «Кітапхана әлеміне саяхат»атты кітап көрмесімен таныстырды.Кітапханашыкітапхана бөлмесінен әдеби кітаптар үйге берілетіні, және оның кері қайтарылу мерзімі болатыны айтылып, кітапты ұқыпты пайдалануға үйретілді. Сондай-ақ оқушылар үшін әсіресе «Ертегілер елінде», «Әліппе әңгімелері» атты кітаптар қатты қызықтырды, ондағы түрлі-түсті кітаптармен қатар қойылған ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін тамашалады, ой бөлісті. Бүлдіршіндерөздеріжатқабілетінөлеңдерінайтып, ризашылықтарынбілдірді.