Балқаш қаласының медициналық колледжі

Дата: 2022-11-11 16:10:30
Балқаш қаласының медициналық колледжі

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ 8-9 сыныптың оқушылары күзгі демалыста жоспар бойынша Балқаш қаласының медициналық колледжіне кәсіптік сынамаға барды. Медициналық колледжінің ұстаздары оқушыларға көптеген мағлұматтар беріп, практика жүзінде өз жұмыстарымен таныстырды. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларымен де бөлісті.