"Менің айналамдағы әлем"

Дата: 2022-11-03 09:45:21

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты"КММ - сінде  1 қараша күні күзгі демалыс жоспары аясында іс - шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар сарайының "Менің айналамдағы әлем" шығармашылық байқауына бірнеше оқушылар қатысып, 8б сынып оқушысы Дерингер Елизавета 3 орынды иеленді. Байқаудың мақсаты оқушылардың сурет салу дағдысын, логикалық ойлау , елестету және шығармашылық қабілеттерін арттыру.  8-9 сыныптың оқушылары күзгі демалыста жоспар бойынша Балқаш қаласының медициналық колледжіне кәсіптік сынамаға барды. Сонымен қатар "Оқырман отбасы" жобасы аясында "Бірге кітап" оқимыз акциясы басталды. Оқушылардың отбасы мүшелерімен бірге кітап оқуға құштарлық құштарлығын арттыру мақсатындағы акция күзгі демалыстың аяғына дейін жалғасады .