Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернат» КММ-сі бойынша мектеп психологының 1 жылдық сараптамалық есебі.

Дата: 2022-08-08 15:48:44

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернат» КММ-сі бойынша мектеп психологының 1 жылдық сараптамалық есебі.

Психологиялық көмек адам өмірінің барлық кезеңдерінде қатар жүретін уақыт жетті.Мектепте псхологиялық қызмет құру қажеттілігі басқа түскен қиыншылықтарды кеңінен шешуге қабілеттілігі дәлелдейді. Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы , сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен ,бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады. Осыған орай №24 мектеп-интернатының педагог-психологі оқушыларға жағымды әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыра отырып баланың өзіндік дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету және педагогикалық-психологиялық жағынан зерттей отырып,көмек көрсету мақсатында жұмыс жасайды.

   Мектеп педагог-психологінің  міндеттері:

  • Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтау;
  • Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностикалық диагностика өткізу;
  • Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын ұйымдстыру;
  • Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мұғалімдерге, ата-аналарға психологиялық кеңестер беру;
  • Мектепке алғаш келу кезеңі баланың жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық бейімделуін зерттеу.

2021-2022 оқу жылында психологиялық бағыттағы жұмыс жоспары бес бағыт бойынша құрылды.

  •  Психодиагностика

Мақсаты:Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара   әрекет ерекшеліктерін зерттеу. 

  •  Психопрофилактика

Мақсаты:Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау 

  •  Психокоррекция 

Мақсаты: Адамның психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысын біліктілікті дамыту.

  •  Психологиялық ағарту  

Мақсаты: Жеке тұлғаның психология туралы түсінігін қалыптастыру және дамыту.

  • Психологиялық кеңес беру

Мақсаты: Барлық қатысушыларға педагогикалық үдерістердегі мәселелерді шешуге көмек көрсету.

     Жаңа оқу жылының жұмыс бастамасы мектеп жасына келген балалардың оқуға даярлығын тексерумен басталады және оқу мотивациясын анықтау мақсатында Керна Йерасека тесті алынды. Мақсаты: мектеп мотивация деңгейін анықтау, балалардың мектепке деген қарым-қатынасын, мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімдеу деңгейін анықтау. Бұл зерттеуге  1 «а», 1 «б» сыныптарындағы барлығы 17 оқушы қатысты. Нәтижесі төмендегіндей.

    Қыркүйек айындағы көрсеткіш                     Наурыз айындағы көрсеткіш

 

Қорытындысымен сынып жетекшілері таныстырылды және орта деңгейдегі оқушылармен, төмен деңгейдегі оқушылармен жекелей және қосымша жұмыстар жасау керек.Ата-аналармен үнемі байланысты болу керек деген ұсыныстар айтылады. Сонымен қатар, мектепке бейімдеу мақсатында тренинг -сабақтар жүргізілді.

Бесінші сыныпта бейімделу кезеңі олардың мектептегі оқытудың қиын кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл мектеп ортасында және осы жастағы балалардың ішкі әлемінде орын алатын мазмұндық өзгерістер жиынтығымен байланысты.

            Осыған байланысты 5-сынып параллелінде диагностикалық минимумның мақсаты жаңа әлеуметтік жағдайға бейімделу кезеңінің қиындықтарын жеңу үшін оқушылардың әлеуметтік-психологиялық мәртебесі туралы қажетті ақпарат алу; мектеп тәуекел факторларының алдын алу және жою болып табылды.

            Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді:

1.         Кеңес психологиялық-психологиялық тексеру, оқушылардың;

2.         Мұғалімдердің, әкімшілік өкілдерінің сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктеріне бақылау жүргізілді;

3.         Құжаттама зерттелді;

4.         Бесінші сынып оқушыларының ата - аналарына кеңес берілді;

5.         Бесінші сынып оқушыларының сынып жетекшілері кеңес берді.

Психодиагностикалық бағыт оқушылардың пәндік және жеке нәтижелерін зерделеуге бағытталған келесі диагностикалық материалдарды қамтиды:

1.         «Оқу мотивациясының деңгейін анықтау»;

2.         «Сьюзен Деллингердің психогеометриялық сынағы »;

3.         "Филипстің үрей деңгейін»;

4.         "Алақай мен5- сыныпта оқимын»тренинг -сабақ;

5.         Ата-аналарға арналған кеңес.

6,      «Темперамент» анықтау сауалнамасы

         Алынған мәліметтер сандық және сапалы талданып, бесінші сынып оқушыларының бейімделуі бойынша қорытынды жасалды, тиісті ұсыныстар берілді.

Тұлғалық нәтижелерді зерделеуді талдау

1.         Оқыту мотивациясын зерттеу келесі нәтижелерді көрсетті:

5 А сынып оқушыларының оқу мотивациясын бағалау:

1.         42,8% - 3 оқушы оқу мотивациясының жоғары деңгейіне ие.

2.         57,2% -4 оқушы, мотивацияның орташа деңгейі.

3.         0% -0 оқушы мектепке деген жағымсыз қарым-қатынаста.

 

5 Б сынып оқушыларының оқу мотивациясын бағалау:

1.         50% - 4 оқушы оқу мотивациясының жоғары деңгейіне ие.

2.         50%-4 оқушы, мотивацияның орташа деңгейі.

3.         0% -0 оқушы мектепке деген жағымсыз қарым-қатынаста.

 

2.Сьюзен Деллингердің психогеометриялық сынағының  5А сыныбыбойынша     қорытындысы

 

Сьюзен Деллингердің психогеометриялық сынағының қорытындысы 5Б сыныбы

5сынып оқушылармен мектепке бейімделу мақсатында әр түрлі тренинг сабақтар өткізілді. Сыныптың әлеуметтік картасы жасалады. Сыныптардың психодиагностикалық зерттеу жұмысының қорытынды папкасы ашылды.

         Мектеп пен ата-ана байланысын жақсарту, оқушылардың ата-аналарымен байланысын, қарым-қатынасын анықтау мақсатында мектебімізде ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып , жиналыстарда психологиялық көмек көрсету мақсатында әр түрлі психологиялық бағыттағы жұмыстар жүрізілді.

     1 «А», 1 «Б» , 5 «А», 5 «Б» сынып ата-аналарымен қыркүйек айында балалардың бейімделу кезеңінде жүргендіктен , көмек көрсету мақсатында таратпа қағаздар таратылып, ZOOM  платформасында кездесулер өтілді. Қамқоршы ата-аналармен, әлеуметтік педагогпен бірлескен дөңглек үстел өткізілді. Педагогтың, оқушы ата-анасымен қарым-қатынасының өзінідік ерекшеліктері бар. Ата-наның өз баласына  деген көңіл толмаушылыққа әкеліп сөғады, ал оған мұғалімнің немқұрайлылығы қосылса, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін. Сол мәселеге байланысты ата-аналармен жеке кездесіп , барынша кеңес берілді.

       Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу бойынша мінез-құлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар жоспарланып, жүргізілді. Мақсаты: мектепте жасөспрімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын-алу, оларға психологиялық көмек көрсету, ерекше педагогикалық бақылауда тұрған оқушыларды қадағалау. Жұмыс педагогикалық бақылауды қажет ететін оқушыларды мектепішілік бақылауға алудан басталды. Әлеуметтік педагогпен және директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарымен бірлесіп мектептік, сабақ барысында сырттай бақылауға алынды. Бақылау нәтижесі бойынша қыркүйек айында ереше педагогикалық бақылауды қажет ететін оқушылардың жеке парақтары ашылды. Ол жерде оқушының категориясы , өзі туралы ақпарат, бақылауда тұрған себептері көрсетіледі және жеке жүргізілетін іс-шаралартіркеледі. «Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбында тренинг- сабақ жүргізілді. Мақсаты: балаларға өз-өздерін тануға, сезім мен қабілетін түсінуге көмектесу , оларды дамытып, жетілдіруге мүмкіндік жасау, айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. Тренинг сабақ барысында «Көңіл-күй суреті», «Болады, болмайды» жаттығулары жүргізілді. «Мен қандаймын?» сұрақ берілді, жауаптарынан оқушыларөздерін қалай бағалайтыны анықталды. Қорытындысы жалпы түрде жарияланды және психологиялық тұрғыдан кеңестер берілді.Психологиялық, психодиагностикалық ойындар жүргізілді. Оқушылардың мектепке байланысты үрей деңгейлерін анықтау  мақсатында «Филипс» сауалнамасы жүргізілді.Сауалнама қорытындысы ойынша оқушылардың бойынан мектепке байланысты үрейлік мінез байқалған жоқ. «Мен қандай адаммын?» тренинг-жаттығуы оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу,өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында жүргізілді. Оқушыларды кішіпейілділікке,үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамысыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту және әдептілік ережелерімен таныстыру мақсатында «Әдепті адам өзін қалай ұстайды?», «Қиын жағдайға түскен кезде табысқа жету» сауалнамасы жүргізілді. Мектеп жасындағы балалардың бастарына қиын жағдай болған кезде қанадай жағдайда болатынын бақылау мақсатында жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен оқушылар жекелей таныстырылып, психологиялық тұрғыдан кеңестер берілді.

 «Кәсіптік бағадар беру» бойынша жылдық жоспар құрылып әр түрлі жұмыстар атқарылуда, мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының басты мақсаты оқушылардың  қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Ал алға қойылған міндеттері:

  • Оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес және психофизиологиялықерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты , аймақтағы мамандарға сұраныстың қажеттілігін негізге алып , мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Кәсіби білім беру аясында әлеуметтік серіктестікті дамыту;
  • Кәсіби білім беруде мекемелермен бірлесіп бағыт беру алдындағы ғ кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру:

Оқу жылының басында «Кәсіптік бағдар беру» кеңесі құрылып , мұғалімдер кәсіптік бағыт -бағдар берудегі нұсқаулықпен ,бұйрық, шешімдермен таныстырылды. Кәсіптік білім мекемелерінде мектеп бітіруші түлектердің оқуын жалғастыруы туралы анықтамалар жасалды.  Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында кәсіби білім беру оқу орындарына экскурсиялар ұйымдастырылды. 8,9 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қаламыздағы әр түрлі оқу орындарына барып , ол жердегі мамандықтар қалай оқылатынын өз көздерімен көріп қайтты . Атап айтсақ «Ә.Мусин атындағы Балқаш Мектеп оқушыларының кәсіби бағдар берудегі қалалық өндіріс пен әрекеттестігі бойынша қаламыздағы оқу орындарына , аймақтық кәсіпорындарына   кездесу мен экскурсиялар ұйымдастырылды.

 

 

Мектеп психологы: Жумажанова С.С