«Салауатты өмір салты дегеніміз не?».

Дата: 2022-02-24 16:51:09
«Салауатты өмір салты дегеніміз не?».

Қарағанды облысы білім басқарамасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ -де  «Дені саудың- жаны сау» денсаулық апталығы аясында мектепішілік жоспарға сай 4 «А» сыныбында  «Салауатты өмір салты дегеніміз не?»  атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Сынып сағатында  оқушылар спорт түрлері туралы өлеңдер айтты, ребус шешті, мақал мәтел жарысы өтті.  Сабақ барысында оқушылар   денсаулық туралы бейнебаян көрді,  топтық және жұптық жұмыстар ұымдастырылып қызықты тапсырмалар орындады. Сынып сағаты жақсы деңгейде өтті.