«Қазақстан: кеше,бүгін,ертең...»

Дата: 2022-01-12 16:32:39
«Қазақстан: кеше,бүгін,ертең...»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп – интернаты» КММ –де  1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні  және 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 8 «А»  сынып оқушылар арасында «Қазақстан: кеше,бүгін,ертең...» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың сөйлеу өнерін дамыта отырып,шығармашылыққа, ізденімпаздыққа үйрету. 8 «А» сынып оқушылары топқа бөлінді.І топ мүшелері Сексенбай Ислам мен Әубәкір Ақжол туған елінің өткенін, ІІ топ мүшелері Қуанышбек  Айзада мен  Төлеухан Аяулым туған елдің  бүгінгі күнін, ІІІ топ мүшелері Қалашбаева Торғын мен Жолдыбек Мейір  елдің болашағын мақтанышпен, тебіреніспен жеткізді.Қойылған сұрақтарға да жауап берді.Осындай пікірсайыстың  қызықты өтуіне үлес қосқан 9 «А» сынып оқушылары:Сегизбаева Аяулым,Токметова Аяулым,Рахат Айдос,Мүбарак Қазыбекбиді  атап айтуға болады.  

Ұйымдастырушылар:Дуйсенбекова Р.С; Бейсекина К.А  

#дебат

#пікірталас