«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын»

Дата: 2021-11-10 17:15:42
«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын»

Балқаш қаласы «№24 мектеп - интернаты» КММ – де 6А сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай  «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» тақырыбында кітапханалық сағат өткізілді.Кітапханалық  сағат мектеп кітапханасында ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Оқушыларға тақырыптық бейнефильм көрсетілді.Көрсетілген бейнефильм бойынша сұрақтар қойылды.Оқушылар Отан, туған жер,мектеп, отбасы туралы мақал –мәтел жарыстырды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» атты коллаж жасады.Кітапханалық сағатты оқушылар өз ойлары арқылы қорытындылады.

Ұйымдастырушы: Бейсекина К.А