«Тіл – әр халықтың байлығы»

Дата: 2021-11-10 16:51:40
«Тіл – әр халықтың байлығы»

5 - қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне байланысты  бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. Мектеп фойесіне «Дара тұлға» атты ақпараттық стенд жасалды. «Тіл – әр халықтың байлығы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін ұлтсыздандырудың сұрапыл дауылына ерте бастан дайындап, артында өшпес із қалдырғаны үшін әр қазақтың көңілінде аяулы есім болып сақталғандығы туралы «Самрұқ»  үгіт – насихат тобы өздерінің дайындаған ақпараттарымен бөлісті. «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында танымдық сағаты өтті. Іс – шара барысында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат берілді.