«Адалдық дүкені» жұмыс жасайды.

Дата: 2021-09-10 15:21:58
«Адалдық дүкені» жұмыс жасайды.

№24 мектеп -интернатында  сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды. "Дүкеннің" басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы.  Мұнда сатылымда оқу – құралдар бар. Қажетті тауарды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді оқушылардың өздеріне сенім арта отырып, тапсырылды. 2018-2019 оқу жылының сәуір айынан бастап ашылған дүкенде бүгінгі күнге дейін оқушылардың және ұстаздардың қажеттілігіне жұмыс жасауда. Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.Оқушылар саны -148 оқушы.