Республикалық "Мектепке жол" акциясы біздің мектебімізде де басталды. Іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

Дата: 2021-08-06 22:50:16
Республикалық

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылғы 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында өтетін дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бастау алды.

    Жаңа оқу жылына дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған,аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу,қолдау көрсету мақсатында  «Мектепке жол» акциясы біздің мектебімізде де жалғасын тапты.

      «Мектепке жол» акциясына жоспар құрылып, бекітілді. Акцияны насихаттау мақсатында  ақпараттық стенд қойылды,акцияға қатысуға тарту мақсатында үгіт-насихат қағаздары таратылды.

       Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек сұрап 42 оқушының ата-анасы өтініш берді. Оқушыларға оқу-құрал,мектеп формасы және  аяқ киім ретінде көмек түрлері беріледі.

     Мектеп формасына-608800тг, спорттық костюмге-30000тг, оқу-құралдарға 101700тг ақша бөлінді. Бүгінде,барлық оқушыларға оқу-құрал таратылды.