Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ –де «Ғылым және технология» және үштілділік білім беру апталығы аясында 7 «А» сыныбында «Ғылым –білім негізі. Адамға табын жер енді!» тақырыбында ашық сынып са

Дата: 2021-04-13 11:45:20

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ –де «Ғылым және технология» және үштілділік білім беру апталығы аясында 7 «А» сыныбында «Ғылым –білім негізі. Адамға табын жер енді!» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Мақсаты: Қазақ халқының ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру, қазақ ұшқыштарын мақтан тұтуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушыларға «Байқоңыр ғарыш айлағы» атты бейнефильм көрсетілді.Оқушылар ғылымның қыр –сырын жан-жақты түсініп, білімдерін тереңдетті.Ойлау қабілетін жетілдіруде ребус шешті.Қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың «Адамға табын жер енді» өлеңін мағынасын ашты. Ұйымдастырушы: 7 «А» сынып жетекшісі Дуйсенбекова Р.С #трехъязычие #наука #неделя #умц