15 наурыз - «Жайлау» күніне орай барлық сыныптарда сынып сағаты өткізілді.

Дата: 2021-03-17 09:05:53
15 наурыз - «Жайлау» күніне орай барлық сыныптарда сынып сағаты өткізілді.

15.03.2021 күні Қарағанды білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 орта мектебі» КММ –де «Наурыз -2021» іс –шараларына жоспар жасалынды.Әр күннің ерекшелігі бойынша сыныптарға тапсырмалар бекітілді. 15 наурыз - «Жайлау» күніне орай барлық сыныптарда сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт –дәстүрлер мен әдет –ғұрыптар жөнінде түсініктерін тереңдете түсу.Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, халқымыздың салтын ұмытпай жалғастыруға тәрбиелеу. «Әз Наурыз – жақсылықтың, қуаныштың бастауы» тақырыбында өткен сынып сағаттарда оқушылар ұмтылып бара жатқан салт –дәстүр және ұлттық тағамдар туралы ақпараттар алды. Сөз жұмбақтар шешіліп, мақал –мәтелдер айтылды. «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тағамдар», «Салт дәстүрлер» туралы бейнефильм көрсетілді.Оқушылар бір –біріне жақсы тілектер айтты.Наурыз мерекесінің мән-мағынасының ерекше екенін, салт –дәстүрді жалғастырушы ұрпақ екендерін түсінді.